Топтық жұмыс / Групповая работа / Group work
- білім алушыларды оқу
тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық
емес) құру арқылы ұйымдастыру нысаны. Бұл бірін де сырт қалдырмай барлық
оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтастық, басқа адаммен қарым-қатынас
жасау дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.
Төмен деңгейлі сұрақтар (жабық сұрақтар) / Вопросы низкого порядка
(закрытые вопросы) / Low-order questions (closed questions) -
берілген ақпаратты
есте сақтауға ғана бағытталатын сұрақтар. Оларға берілетін жауаптар «дұрыс»
немесе «бұрыс» деп қана бағаланады.
Тренинг / Тренинг / Training
(
train
– оқыту, тәрбиелеу) – білім, білік, дағды
және әлеуметтік мақсаттарды дамытуға бағытталған
белсенді оқу әдісі
. Егер жаңа
ақпарат алуды ғана көздемей, мақсат алынған білімдерді тәжірибеде қолдану
болған жағдайда тренинг айтарлықтай жиі өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |