2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары 45
• тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қа-
білетінің болуы;
• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзырет-
тілік. Келесі кезекте біз «оқуды үйрету» деп түсінетін құ-
былысты және мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін
қалай бере алатынын қарастырамыз.
Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес,
оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін
туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әң-
гімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауап-
тар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары маңызды.
Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің дең-
гейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын
анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру
үшін де пайдаланады. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың
жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бір-
неше түрлерін ұсынады.
Мұғалімдер:
• жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа не-
месе сұраққа аудара алады;
• жауапты мойындап, оны әңгімені жалғастыруға негіз ете
алады;
• мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да
естуі үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;
• белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір
бөлігін қайталай алады;
• нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгіме желісіне қосу мақ-
сатында жауапты басқа сөздермен қайталап айта алады;