2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары
52
діру, иландыру, мақұлдау, түсіндіру, терістеу, дәлел, сұрақ
және т.т.), олар педагогикалық қарым-қатынаста неғұрлым
көп функционалдық жүктемені атқарады. Мәскеудің түрлі
мектептерінің мұғалімдеріне сауалнама жүргізу нәтиже-
лері, педагогикалық қарым-қатынаста көбінесе дәлелдеу,
әңгіме, түсіндіру сияқты коммуникативтік міндеттер кез-
десетінін көрсетеді. Сауалнаманың «Сізге сыныпта не істе-
ген жеңіл?» деген сұрағына мұғалімдердің 50% жоғарысы
былайша жауап береді: «түсіндіру», «әңгімелеу», «сендіру».
Сонымен бірге, «Сіз көбінесе сыныпта не істейсіз?» деген
сұраққа 50% жуық мұғалімдер «дәлелдеу» деп жауап беріп,
оны жеңіл міндет емес деп көрсетеді, сұралған мұғалім-
дердің 66,7 % сендіру сияқты коммуникативтік міндетті
оларға қарсы болғанда табыстырақ орындайды. Мұғалім-
дердің 80% коммуникативтік міндеттерді бір оқушымен
емес, сыныппен қарым-қатынаста орындауды қалайды
(Л.А. Хараева, Т.С. Путиловская). Басқаша айтқанда, әлеумет-
тік бағдарланған қарым-қатынас мұғалімдер үшін тұлға-
лық бағдарланған қарым-қатынасқа қарағанда артығырақ
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |