24
тиянақты субстанционалдық негіз тән емес, ол тек тіршіліктің тууы мен
өшуін қамтамасыз етеді.
Даостықтардың пікірінше бейболмыс - алғашқы, оны атауы жоқ дао
деуге болады. Егер оған атау берілетін болса, ол болмысқа айналады.
Бейболмыс болмысты тудырады. Болмыс - атауы бар нәрсенің
субстанционалдық түпнегізі бейболмыс болғандықтан олар тұрақсызданып,
жойылып бейболмысқа айналып кетеді. Осы қайта оралу ғана - тұрақтылық,
ал өзгенің бәрі өзгермейді. Трактатта былай делінген: «Дао жалғызды
жаратады, жалғыз екеуді жаратады, ал екеу үшеуді жаратады, үшеуден бәрі
тарайды. Бар тіршілік өз бойында инь және янды ұстайды, цимен
толықтырылады және гармонияны түзеді». Үшеу деп аспан мен жер,
гармонияның Ұлы заңы айтылып тұр. Ци ұғымы әлемнің қозғаушы күші деп
қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: