77
ол адам тағдырын құдайдың құдіретімен байланыстырмай, адамды өз
болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз
өмірінің саналы субъектісі деді. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі
осы қасиетте деп таныды. Сол заманның философтары Бэкон, Гоббс, Декарт,
Спиноза осыны үндеді. Француз философы Рене Декарттың: «мен ойлай
аламын, олай болса өмір сүремін» -деген қанатты сөзінің мәні осында.
XIX –XXғғ идеалистік философиясы адамның өмірінің рухани
бастамасын асыра бағалап, адамның мәнін бірде ақыл-ой арқылы
түсіндірілсе, енді бірде керісінше, ақыл-ойдың күшіне сенбеу арқылы
түсіндіруге тырысады. XIX ғ классикалық неміс философиясына келсек, ол
үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы
идеялық бастама – рухтың, ақыл-ойдың иесі болып табылады.
Тарихта материалистік көзқарастың қалыптасуы адамның қоғамдық
өмірде алатын орнын түсінуді шын мәнінде ғылыми деңгейге көтереді. Адам
бұрынғыша рухани, денелік, әлеуметтік, табиғи болып бөлшектеніп,
біржақты немесе таза абстрактілі түрде қаралмай, тұтас тұлға ретінде,
нақтылы – тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болады. Адамның
табиғи әлеуметтік мәні, қоғамдағы рөлі мен орны жөніндегі оның ондаған
мың жылдар ішіндегі тарихи алға басу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі
сатыларының сипаттарымен тығыз байланысты.
Адамзат XXI ғасырға аяқ бастты. Бұл кезде ғылыми-техникалық өріс
алуымен бірге, кең ауқымды мәселенің қалыптасуына сәйкес адамның жаңа
әлеуметтік, рухани ортасы пайда болады. Адамзат өмір сүретін табиғат
ортасы бірте-бірте тозып барады, ендігі жас ұрпақтың қандай табиғи
жағдайда өмір сүретіні күрделі мәселеге айналуда.
Достарыңызбен бөлісу: