Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Пайдаланылатын әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет43/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

Пайдаланылатын әдебиеттер 
1
 
Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы. - А., 2009 ж. 
2
 
Мырзалы С Философия. Оқулық. - А., 2010 ж.  
3
 
Әлемдік  философиялық  мұра.  Өмір  философиясы.  9-шы  том.-А.: 
«Жазушы»,2006. 


79 
 
4
 
Әлемдік философиялық мұра. Өміру сүру философиясы. 11-ші том.-
А.: «Жазушы»,2006. 
5
 
Әлемдік философиялық мұра. Қазіргі түркі философиясы. Т.20. - А.: 
«Жазушы», 2009. 
6
 
Қабаева Ж. Философия. Оқу құралы. – А., 2010 ж. 
 
Дәріс 9. Этика. Рухани құндылықтар. 
9.1 Құндылықтар теориясының негіздері. 
9.2 Адамгершіліктің алтын қағидасы Конфуций. 
9.3 Бұлжымас императив И.Кант. 
9.1 Құндылықтар теориясының негіздері. 
1.
 
Адамның  өмірімен,  оның  бағдарымен  тығыз  байланысты  болып 
келетін  құндылықтар  –  «құнды»,  «игілікті»,  «бағалы»  болып  табылатын 
материалдық,  эстетикалық,  рухани,  мәдени  қажеттіліктердің  нысаны  және 
олардың  өзі.  Адам  осы  құндылықтар  әлемінде  өмір  сүреді  және  оны  өзі 
жасауы  арқылы  ол  бағалылыққа  өтеді.  «Құндылық»  философиялық  және 
әлеуметтанулық  әдебиетте  белгілі  бір  болмыс  құбылыстарының  адами, 
әлеуметтік  және  мәдени  мағынасын  көрсету  үшін  кең  түрде  қолданылатын 
түсінік.  «Заттық  құндылықтарға»  адам  әрекетінің  қорытындысы  ретінде 
пайда  болған  заттардың  басым  көпшілігі  және  солардың  қатарына  адамның 
практикалық  әрекеттеріне  тартылған  табиғи  құбылыстар  да  енгізілсе,  оның 
тұтас  рухани  өміріндегі  қажеттіліктер  рухани  құндылықтарды  құрайды. 
Сондықтан  құндылықты  тек  материалдылықпен  немесе  руханилықпен 
шектеуге болмайды. Құндылық теориялық тұрғыдан алғанда да жалпы ұғым, 
оған  құнды  болып  табылатын  игіліктіліктердің  барлығы,  адамдар  жасаған 
заттар мен руханияттық әлем тұтасымен енеді. 
 Құндылықтар  –  П.Менцер  айтқандай,  адамдардың  бәрінен  жоғары 
тұратындарды  мойындайтын,  ұмтылып  отыруға  болатын,  байыптайтын, 
құрметпен  қарайтын,  сыйлайтын  құбылыстар.  Құндылық  әлдеқандай 
нәрсенің қасиеті емес, толыққанды объект болмысының бір уақыттағы шарты 
мен мәні. Оны сезіну тәсілдері мен адамдардың қажеттіліктеріне байланысты 
бағалау әр түрлі болады: біреуге үлкен, маңызды, ал біреу үшін түк те емес. 
Құндылық  табиғатын  тұтасымен  зерттейтін  ілім  –  құндылықтар 
философиясы немесе аксиология (Лотце) деп аталады. 
Аксиология
 (грек, 
ахіос
 —  құнды, 
логос
 —  ілім)  —  құндылықтардың 
табиғаты,  олардың  әлеуметтік  шындықта  аталған  орны  және  құндылық 
әлемінің  құрылымы  туралы  философиялық  ілім.  Аксиологияның  негізгі 
мәселесі 
— 
"Игілік 
деген 
не?" 
деген 
сұрақты 
алғашқы 
болып Сократ қойған. Платон философиясыңда 
құндылықтар 
жалпы 
ізгілікпен  байланыстырылып,  әмбебапты  мәнге  ие  болды.  Философияда 
құндылықтар  мәселесі  ерекше  орын  алады,  өйткені,  мәдениет  адамзат 
жасаған  барлық  құндылықтардың  жиынтығы  деген  түсінік  кең  тараған. 
Құндылықтардың 
болмыстық 
жалпы 
мәнін 
ашуға 
бағытталған 
Аксиологияның  философиялық  қырынан,  оның  мәдениеттанулық  өлшемі 
өзгеше  болып  келеді.  Аксиология  әртүрлі  өркениеттердің  жетістіктерін, 


80 
 
мәдени  құндылықтардың  қалыптасуын,  нақтылы  даму  тектерін  және 
бағдарларын  айқындайтын  білімдердің  нақтылы-тарихи  жүйесі  ретінде 
көрініс 
тапты. 
Бұл 
әсіресе 
тарихи 
мәдениеттануда 
анық 
байқалды. Мәдениет —  адамдық  қарым-қатынастарды  реттеудің  маңызды 
тұлғалық  әлеуметтік  тетігі,  ал  құндылық  —  норма,  үлгі,  мұраттармен  қатар 
осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет