91
құрал ретінде қарастырды. Бұл ғұламалар көркем шығармашылықты көне
грек тіліндегі “мимесис” (еліктеу) ұғымы арқылы түсіндірді. Көркем
шығарма жасаушы табиғатқа еліктеу арқылы қабылдаған бейнесін қиял
дүниесімен ұштастырады деп білді. Сопылық бағыт ықпалындағы ойшылдар
поэтикалық құбылтулар мен жасампаздық бағытын ұстанды. Араб-мұсылман
эстетикасына тән негізгі ұғымдардың бірі — адаб. Ол антик. білімділік
принципімен қоса кейінгі гуманизм идеясын да өз бойына сіңіреді. Жалпы
алғанда, адабтың эстетикалық мазмұны айқын — ол жоғары құндылықты
білдіреді. Әдемілік пен әсемдік — кемел адамды тәрбиелеу мақсатымен
тікелей байланысты. Бұл жоғары қасиеттер пендешілік пен пайдакүнемдіктен
арылуға себін тигізеді және құштарлық арқылы мінсіз жетілуге әкеледі.Араб-
мұсылман эстетикасының өкілдері формалар мен әуендер сұлулығынан
ләззат алу — сол формалар мен әуендердің адам табиғатына жақындығынан
деп түсіндіреді. Бұл ағымның көрнекті өкілдері — ибн Хазм (994 — 1064)
және ибн әл-Хайсам (965 — 1039). Философтар, ақындар әлем сұлулығы мен
үйлесімділігі туралы жазды (әл-Фараби, ибн Сина, Омар һайям, ибн Рушд).
Сұлулық кейде Пифагор рухында түсіндіріліп, ғарыштың, пластикалық
формалардың, түстердің және дыбыстардың жарасымдылығы тұрғысынан
қаралды. “Риясыз ағайындылар” энциклопедиясының авторлары, сопылық
бағыттағы ойшылдар мен ақындар (ибн әл-Араби, 1165 — 1240, Руми, 1207
— 73) болмысқа ұқсатылып жаратылған бүкіл әсемдік пен көркем
құбылыстардың ұштастырылуын эстетик. тұрғыдан баға беру өлшеміне
айналдырды. Олар зиялылық пен имандылықты біріктіре білген сұлулықты
дәріптеді. Әдебиеттануда өлеңдердің мазмұн, пішіні, дәстүр мен
жаңашылдық, көркемдік талғамдар мен нормалардың өзгеруі, эстетик. таным
проблемалары үлкен орын алды. Исламдағы бейнелеу өнеріне қойылған
шектеулер көркем шығармашылықтың бұл саласын теориялық тұрғыдан
жеткілікті зерттеуге мүмкіндік бермеді. Суретші шығармасындағы бояудың
тазалығы мен қанықтығы, нәзіктік, үйлесімділік, жеңілдік — шеберлік үлгісі
ретінде танылды. Махаббатты, гүлдерді, бақтарды бейнелеген әсем суреттер
музыка сияқты көңіл-күйді қанаттандырып, қайғы-мұңды сейілте алады,
рухани күш беріп, қажыр-қайратыңды шыңдай түседі деп ойлады. Хұснихат
өнері жоғары бағаланды. Орта ғасырлардағы мұсылмандардың эстетикалық
идеялары әлемдік эстетикаға үлкен ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: