Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


  Қоғам  туралы  әртүрлі  көзқарастар,  тұжырымдар,  қоғамның



Pdf көрінісі
бет56/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

12.3  Қоғам  туралы  әртүрлі  көзқарастар,  тұжырымдар,  қоғамның 
тарихи типтері
 
Тарихты  объективтік  тұрғыдан  түсіну  өзінен  бұрынғы  алдыңғы 
қатарлы қоғамдық ойдың жәй жалғасы емес, қоғамтану тарихындағы мүлдем 
жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көзқарастың катыптасуы табиғатты 
да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми  – философиялык дүниетанымдық 
негіз болды. 
Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде оның даму 
заңдылықтарын  ашу  барысында  әлеуметтану  саясаттану  ілімдері  дүниеге 
келді.  Ол  ғылымдар  адамзат  тарихын  түсіндірудің  кілтің,  көзін  коғамның 
материалдық  экономикалық  қатынастар  жүйесінен  шығарып,  оны  жан  –
жатқы терең талдап дәлелдеді. Қоғам заңдары балбырайып көрініп тұрмайды, 
оларды  тікелей  байқау,  көру,  бақылау  арқылы  қабылдау  өте  қиын.  Осы 
себебті  қоғам  заңдарын  терең  танып  білу  арқылы  пайдалану  онай  болады. 
Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болмақ. 
Қоғамлы ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі – ол алуан түрлі 
қоғамдық  қатынастардың  байланыстардың  ішінен  ең  бастысын  – 
материалдық өндірістік қатынастарды бөліп алады. Қоғамдық болмыс – адам 
өмірінің,  арекетінің  қажетті  шарты  және  қайнар  көзі.  Адам  өзінің 
жасампаздық  күш  қуатымен  табиғи  мүмкіндіктерді  шындыққа  айналдыру 
арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының 
даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі. 
Қоғамда  түрлі  қатынастар  бар.  Оларды  негізіне  алғанда  материалдық 
және  идеологиялық  қатынастар  болып  екіге  бөлінеді.  Материалдық 
қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей ақ қалыптаса береді. Оған 
жататындарды  ең  алдымен  табиғатты  адам  арқылы  өңдеу  деп  айтады. 
Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар оларға 
адамды  адам  арқылы  өндеу  жатады.  Олар  саяси,  құқылық,  марольдық,  діни, 
статикалық философиялық қатынастар болып бөлінеді. Нағыз демократиялық 
қоғам  адамдар  бостандығынан,  еркіндігінен  көрінеді.  Бірақ  бостандық  ойға 
келгенді жасау емес, қоғам болған соң белгілі тәртіп болады. Демократияның 
бір  көрінісі  либерализм.  Ол  адам  құқығы  деген  ұранды  желеу  етіп  адам  не 
істесе  де  берікті  болу  керек,  дамуындағы  ерекше  заңдар  әрбір  жеке 


95 
 
экономикалық  өзіне  тән  ерекшелігін  көрсетеді.  Қоғамды  біртұтас,  тірі 
әлеуметтік  организм  деп  қараудың  негізгі  шарты  –  барлық  дәуірлердің 
әлеуметтік  экономикалық даму типологиясын құру, қоғамдық экономикалық 
фармация  туралы  қоғамды  тұжырымдауды  қажет  етеді.  Сондықтан  тарихты 
әлеуметтік  философия  тұрғысына  пайымдау,  талдау  әдісін  біз  қоғамдық 
құрылыстардың жалпы теориясымен методологиясы дейміз. Айта кету керек, 
қоғамды  басқа  да  толып  жатқан  нақтылы  ғылымдар  (әдебиет,  заң,  тарих, 
саяси экономия, саясаттану, әлеуметтану, т.б.) зерттейді.  
Материалистік  философия  ілімдерінде  адамзат  өзгермейтін  әрқашан 
өзіне  тән  құбылыс  ретінде  қаралып  келді.  Қоғамдық,  не  биологиялык 
зандылыктарды қоғам өміріне қолданған реттер де кездесті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет