Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Батыстықтар мен славянофилдердің көзқарастары



Pdf көрінісі
бет59/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық

13.2 Батыстықтар мен славянофилдердің көзқарастары 
Тарихи  философиялық  бағыт  батыстар  мен  славянофилдердің 
еңбектерінде  жалғасын  тапқан.  Славянофилдер  мен  батыстықтар  деп  ХІХ 
ғасырдың  бірінші  жартысында  атақты  ресей  тарихи  жайлы  болған 
пікірталастардың 
арқасында 
пайда 
болған 
бағыттарды 
айтады. 
Славянофилдерге А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, ағайынды К.С. және И.С. 
Аксаковтар,  Ю.В.  Самарин  жатады.  Славянофилдердің  басты  ерекшеліктері 
олардың  рационалдық  философияның  негіздерін  сынауда  жатыр.  Мысалы, 
А.С.  Хомяков  өзінің  «Записки  о  всемирной  истории»,  «О  старом  иновом» 
еңбектерінде  Гегельдің  рационалдық  тарих  философиясына  альтернативтік 
ойларын  келтірген.  Оның  ойынша  тарихтың  мәдени,  географиялық  әрі 
этникалық орталығы болу мүмкін емес. Тарихи қозғалыстың екі «бастамасы» 
болған:  ирандық  және  кушиттік.  Барлық  елдер  өз  мәдениеттерін  ирандық 
немесе  кушиттік  бағытта  дамытқан.  Сондықтан  тарихта  «таза»  ұлттар  әрі 
«таза»  діндер  болуы  мүмкін  емес,  олардың  барлығы  бір  бірімен  араласып 
кеткен.  Хомяковтың  ойларында  Шеллинг  философиясының  ықпалы 
байқалады.  Славянофилдер  Ресейдің  өзіндік  ерекше  тарихи  жолы  бар  деген 
ойға  келген  болса,  батыстықтар  Ресейдің  басты  мақсаты  Батыс  Еуропаны 
қайтседе  қуып  жету  қажет  деп  есептеген.  Олардың  қосылған  жері  Ресей 
патшалығын  және  ресейлік  қоғамның  кемшіліктерін  сынауында  болған. 
Батыстықтар мен славянофилдердің арасында орын алатын П.Я. Чаадаевтың 
(1794-1856) шығармашылығын ерекше атап кету қажет.  П.Я. Чаадаевтың аты 
шулы  еңбегі  ”Философические  письма”  деп  аталады.  Чаадаев  үшін  мәдени-
тарихи процесстің сакралдық мәні бар. Тарихи процесс шын мәнінде рухани 
процесс.  Сондықтан,  ресей  тарихын  сынаған  кезде,  П.Я.  Чаадаев 
батысеуропалық  елдердің  дамығандығын  католицизммен  ұштастырған.  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  орыс  историософияда  славянофилдер  мен 
батыстықтардың  жалғасы  ретінде  Данилевскийдің  мәдени-тарихи  түрлер 
туралыілім пайда болған. Оның “Россия и Европа” (1869) деген еңбегі жалпы 
историософиялық  ілімге  көптеген  әсерін  тигізген.  Бұл  шығарма  атақты 
Шпенглердің  ”Закат  Европы”  атты  кітабінде  көтерілген  мәселелермен 
сабақтасады.  Бұл  еңбекте  Данилевский  европацентризмді,  орыс  дәстүрін 
жалғастыра  отырып  сынаған.  Ол  тарихи  процесті  бірғалыпта  қарастыруға 
болмайды.  
Адамзат  тарихының  әр  түрлі  ошақтары  болған.  Олар  ұлы  өзеңдердің 
бойында  қалыптасқан:  Нил,  Тигр  және  Ефрат,  Янцзы,  т.б.  Данилевский 
жаратылыстану  яғни  ботаника  мен  айналысқандығы  оның  географиялық 
детерминистік  әдістемесі  арқылы  байқалады.  Данилевскийдің  шәкірті  К.Н. 
Леонтьев.  Орыс  философиясының  ең  ірі  ойшылы  Владимир  Соловьев. 


99 
 
Соловьевтің  көзқарасына  әсер  еткен  алғашқы  славянофилдер  мен  Григорий 
Сковорода  ілімдері.  Соловьевтың  ойынша  адамзаттық  тарихта  үш  тарихи 
әлем  бар:  мүсылмандық  шығыс,  батыс  өркениет  және  славяндық  әлем. 
Тарихтың өзі рухани процесске жатады. Славяндық әлемнің тарихтағы орны 
ерекше. Оның атқаратын міндеті бір-біріне қарамақарсы келетін батыс және 
мүсылман  әлемдерін  үштастыру.  Жалпы  Соловьевтің  тарихи-философиялық 
ойлары  оның  соңғы  кезеңде  жазылған  “Три  разговора”  атты  еңбегінде 
айтылған.  Ұлы  орыс  ойшылдарының  ізін  басып  тарихты  ерекше  ілімге 
айналдырған  Лев  Николаевич  Гумилевті  атапкету  жөн  көрдік.  Гумилевтің 
негізгі шығармасы “Этногенез и биосфера Земли” деп аталады. Ондағы басты 
идеяны  бір  сөзбен  айтқанда,  адамзат  тарихын  жер  бетіндегі  әрі  барлық 
ғарыштың,  табиғаттың  тарихынан  бөліп  қарастырудың  нәтижесі  аз. 
Гумилевтің  ілімінде  Чижевский,  Вернадский  атты  ойшылдардың  ғылымда 
ашып кеткен жаңалықтар мен тарихи, қоғамтану ғылымдарымен байланысты 
тапқан сияқты. Кезінде Дж. Виконы қызықтырған ұлттар тарихы Гумилевтің 
ілімінде  “этногенез”  теориясына  айналған.  Этногенез  —  этностардың 
(ұлттардың) 
пайда 
болуы 
пассионарлық 
жарылысқа 
байланысты. 
Пассионарлық  жарылыс  күн  бетінен  жерге  түскен  радиациялық  энергияға 
тәуелді.  Бұл  заңдылықты  алғашқыда  “Земное  эхо  солнечных  бурь”  атты 
еңбегінде  А.  Чижевский  жазып  кеткен.  Бұл  заңдылық  бойынша  тарихи, 
әлеуметттік  төнкерістер  күн  бетіндегі  процестерге  тікелей  қатысы  бар. 
Гумилевтің  іліміде  қызықтыратын  оның  тарихты  ерекше  бейнелеу  және 
түсіндіру мәнінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет