німді сақтаудың профессор Я.Я. Никитинский жасаған негіздері
(принциптері)
Кез келген өнімді сақтау онда болатын физиологиялық -
биохимиялық процестерді барынша тоқтату арқылы жүзеге асырылатыны
белгілі. Осы саладағы ғылым мен өндірістің жетістіктерін зерттеп, оларды
бір жүйеге келтіре отырып, профессор Я.Я. Никитинский әрбірі бірнеше
түршеден (модификациядан) тұратын келесідей төрт негіз қалады:
1.
Биоз
2.
Анабиоз
3.
Ценоанабиоз
4.
Абиоз
1.
Биоз
- "биоз" тіршілік мағынасын білдіреді. Биоз негізі өнімді тірі
немесе жартылай тірі күйінде сақтауға бағытталған. Ол екі түршеден
тұрады:
Эубиоз
- "нағыз биоз"деп аталады. Малды, құсты, балықты, басқа да
тірі организмдерді күту, баптау, тасымалдау, яғни тұтынғанша тірі күйінде
сақату.
Гемибиоз
"жартылай биоз" деп аталады. Өнімнің иммундық қасиетін
пайдаланып, қолайсыз жағдайға бейімдерін қалдыру арқылы сақтау
мерзімін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |