3.
Ценоанабиоз
пайдалы микроорганизмдердің дамуына қолайлы
жағдай жасау, зияндыларын жою. Бұл негіздің екі түршесі бар:
Ацидоценоанабиоз
- негізінен сүт қышқылы бактериясын пайдалану.
Алкоголеценоанабиоз
- этил спиртін бөлетін микроорганизмдер -
ашытқыларды пайдалану.
3.
Абиоз
- өнімді стерилді (тіршіліксіз) ортаға айналдыру. Абиоздың
негізгі түршелері:
Термоабиоз
- өнімді жоғары температурада өңдеу. Жоғары
температура деңгейіне байланысты екіге бөлінеді: 1) пастерлеу - өнімді
100 С-қа дейінгі температурада өңдеу. Негізінен сүт өнімдері мен сыра
қайнатуда қолданылады; 2) стерилдеу - өнімді 100С-тан жоғары
температурада өңдеу. Консерві өндірісінде қолданылады.
Химабиоз
- өнімді химиялық заттармен өңдеу.
Мехабиоз
- өнімді әр түрлі сүзгілерді қолдану арқылы тіршіліксіз
ортаға айналдыру.
Лучабиоз
- өнімді әр түрлі сәулелерді ( ультракүлгін, инфрақызыл,
рентген, т.б) қолданып өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |