Тыныс алудан болатын шығын барлық дақылдарға тән құбылыс. Ол
пісіп жетілу, зат алмасу, кебу процестерімен байланысты жүреді. Сонымен
қатар, сақтау барысында қоспадан тазалау жұмыстары да астықтың
бастапқы (қабылдау кезіндегі) салмағының төмендеуіне әсер етеді.
Қ
оймаға қабылданған астық салмағының табиғи кемуін анықтауды
төмендегі тәртіппен жүргізеді:
1)
Астықты қабылдау және өткізу барысында анықталған
ылғалдылық көрсеткіштері бойынша партия астықтың орташа
ылғылдылығын анықтау. Ол қабылданған астық салмағы мен өткізілген
астық салмағын ылғалдылық көрсеткіштеріне көбейту арқылы есептеледі.
2)
Осы тәсілмен орташа ластылық анықталады.
3)
Анықталған ылғалдылық пен ластылық бойынша астық
салмағының кемуін есептейді.
4) Қ
алған, жетіспейтін астық салмағы мемлекеттік жүйеде бекітілген
сақтау кезінде дақыл дәндерінде болатын табиғи шығын мөлшерімен
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: