Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама



Pdf көрінісі
бет24/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Кеңес кезеңі 
1917 жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы 
мәселені тікелей қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін 
айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, 
мәдениет 
және 
ұлттық 
ерекшеліктер). 
1917 
жылдың 
21—26 
шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның 
шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. 
Бағдарламаның кейбір бөліктерінен үзінді келтірейік: 
Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл — 
бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті Кеңес өкіметі кезінде сан 
қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі 
жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін «демократтар» санаған 
Уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. 
Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала«
Жаңарған Ресейдің 
ерікті азаматтары — қазақтарға
» деген өз үндеуін жариялады. 
Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін XX ғасыр талаптарына 
сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды. Революцияның 
бастапқы кезіндегі маңызды мәселенің бірі ұлттық-мәдени автономияға 
қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және 
коммунистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты. В.И. 
Ленин болсын, Ф. Керенский болсын территориялық федерацияны желеу етіп, 
бірорталыққа бағынған Ресейдің империялық мәнін сақтап қалуға тырысты. 
Большевиктер оған қоса өздерінің атышулы «
Барлық елдердің пролетарлары, 
бірігіңдер!
» ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке шығарып 
тастады.
1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның 
құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді. 
2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей 
Федеративтік Республикасының құрамды бөлігі болып табылады. 


33 
3. Ресей Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар 
еріктілігі болады. 
4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың 
өзіндік муфтийлігі болуы керек... 
5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, 
би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті... 
6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім 
алу — тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары
университеттері де болуы керек. 
Бұл бағдарлама 5—12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтық екінші съезде 
құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі 
заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс 
жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға 
мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш» 
қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды. Кейін тоталитарлық жүйе оларға әдейі 
«контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан. Алайда большевиктер 
орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің басқа халықтарының 
да) азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. XX 
ғасырдағы ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. 
Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның 
этномәдени тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында 
ешбір саяси өзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. XX ғасырдағы екі 
социалистік эксперимент (фашистік ұлттық-социализм және коммунизм) 100 
миллионнан астам адамды қырды. Этнобірігу және мәдени эволюцияны 
бекерге шығаратын большевиктік идеология мен практика бұрынғы Ресей 
империясы топырағындағы халықтардың ғасырлар бойы жинақталған мәдени 
құндылықтарын талан-таражға салды. Бұл, әсіресе, қазақ тағдырынан анық 
көрінеді. Ұлттық-мәдени тұтастануға кеселін тигізген төмендегідей 
большевиктік тәжірибелерді атап өтейік: 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет