35
мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты.
Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы
қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен
300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара
қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана);
абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті
». (Тарақты
А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын мәнінде, Кеңес Одағы
маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік
саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық
мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын»,
«Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп
жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір
көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің
мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен»
шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді
басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне
тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да
таза пролетарлық
мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал
Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан
соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік
мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына
кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: