Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама


Сангвиник - ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл  күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.  Холерик



Pdf көрінісі
бет46/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Сангвиник
- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл 
күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді. 
Холерик
- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. 
Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. 
Олар тік мінезді 
Флегматик
- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос 
сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, 
күтеде алады. 
Меланхолик
- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі 
сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді. 
Мінез деп- әдетте, адамның айқын көрінетін бір екі белгісін айтады. 
Мінез- адамның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер 
оның жүріс тұрысымен іс әрәкетінен көрінеді. Мінез адамға қайталанбас 
ерекшелік береді, жеке тұлғаның маңызды белгілерінің бірі болып табылады. 
Адамның мінезін ерік ерекшеліктері, сонымен бірге эмоционалдық, 
темпераменттік және интеллектуалдық ерекшеліктерін айқн көрінеді. Мінез 
белгілері- тұлғаның тұрақты қасиеттері болғанмен, өзгеруіде мүмкін. 
Мінез- 
бұл жеке тұлғаның жүріс-тұрысынан, оның іс-әрекетінен, 
табиғатқа, достарына, ата-аналарына, қоғамға және өзіне деген қатынасынан 
көрінетін тұрақты және айқын белгілерінің үлесі. Мінез- әлеуметтік 
жағдайдың, білім алудың және тәрбиенің әсерінен біртін деп қалыптасады. 


63 
Жеке адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілу процесіне 
қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім 
берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық 
ерекшеліктері, жоғарғы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері 
әсер етеді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру 
болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани 
мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. 
Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары қоғам дамуының кең 
көлемдік, әлемдік мәселесі ретнде қарастырылуда қазақ халқы тәрбиесінің өне 
бойынан табылады. Жеке адам туралы сөз болғанда, жеке адам — көптің бірі, 
ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам» және «тұлға» ұғымдары 
көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-бірінен қарама-қарсы болып 
табылады. Жеке адам ұғымында адамның жекеше ерекше түрі, сапасы 
бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аз болады, бірақ өте көлемді, 
өйткені әрбір адам-индивид. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке адамның 
айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — оның өзіне тән мінез-құлқында, іс-
әрекетінде, көзқарасындағы ерекшеліктерімен даралануы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет