Тұлға құндылықтары – бұл тек қоғамның материалды және рухани
құндылықтарының индивид санасындағы таңдамалы бейнеленуі ғана емес;
индивид, тұлға құндылықтары ретінде индивидке қатысты оның ортасының
«сыртқы» болып көрінетін компоненттері болуы мүмкін. Бұл ойлар, сезімдер,
түсініктер мен бейнелер елестер мен пайымдаулар тіліне аударылғанда
қажеттіліктер мен қызығушылықтар. Алғашқылары біздің бағалауымыздың
объектісі болып табылады, олардың құндылығын әлі анықтауымыз қажет. Ал,
екіншілері болса, осындай бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл
адамдар қоршаған шынайылықты өзі үшін мәнді анықтауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік құндылықтар функционалды түрде нақты бір рөлдерді атқарады.
Олар адамға өз пікірін білдіруге көмектесетін бағдарлардың адамдар
санасында қалыптасуы мен сақталуына негіз болады. Мұндай жағдайда
құндылықтар сананың бөлігі болып кетеді. Бұл процесте құндылықтар
адамдарды, заттарды, идеяларды және жағдайларды адаммен бағаланатын
тұлғалық шкаладағы санақтың өзінше бір басы болып табылады.