Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама



Pdf көрінісі
бет51/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Кілттік сөздер:
эволюция, индивид, тұлғалық және кәсіби даму
психологиялық денсаулық. 
Адамның эволюциялық даму жолында тек еңбек әрекеті ғана, яғни 
адамды адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша, адам еңбек әрекеті 
арқылы қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мәдени 
ортаға айналдырып өзгертті және өзі де өзгерді әрі мәдениленді. Осындай 


65 
жасампаздық әрекеті арқасында адам қарапайым еңбек әрекетін күрделендірді 
әрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған күрделі еңбектен 
жеке-жеке кәсіп түрлері бөлініп шығып, кәсіппен айналысқан адамдар белгілі 
бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып, тәжірибе жинақтап, 
шеберліліктерін шыңдап барып кәсіпке кіріскен. 
Адамның тұлғалық дамуы мен кәсіби дамуы арақатынасы әрине бар. Ол 
қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық және рухани мәдениет заттарына
отбасына және өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. 
Сонымен, кәсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кәсіби байлықтар 
приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу. 
Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кәсіпке дайындалу ұғымы, бір 
жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы әлеуметтік жүйесінің 
құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық 
бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар 
интериоризациясы мінез-құлықтағы әлеуметтік нормативтерді игеру арқылы 
келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде және мінез-
құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір 
бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мәлімет береді. 
Индивидті, кәсіби және тұлғалық даму темптерінің сәйкес болуы 
дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі және оны жүзеге асыруымен 
сипатталатын қатынас . 
Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық және кәсіби дамуы оның 
индивидуалды өмірінде өзара әрекеттесіп, кәсіби өмір сценарийінің кең 
спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кәсіби қалыптасуының әр 
кезеңдерінде орналасады. 
Кәсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы 
уақыт аралығында өмірлік және кәсіби жоспарлар өзгереді, әлеуметтік 
жағдайлар мен жетекші іс-әрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта 
құрылуы жүреді. Осыған байланысты кәсіби қалыптасудың үздіксіз 
процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері туралы сұрақ пайда болады. 
Тұлғаның кәсіби қалыптасу мәселесін терең зерттеген отандық 
психологтардың бірі Т.В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс- 
әрекеттің орындалу деңгейін кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол 
кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті: 

кәсіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы; 

кәсіби білім беру және кәсіби іс-әрекетке дайындық

мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру және өндірістік 
ұжымнан өз орнын табу; 

кәсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы . 

Е.А. Климов төмендегідей кәсіби бағдарланған кезеңді ұсынды: 

Оптация кезеңі (12-17 жас) – кәсіби өмірлік жолын саналы түрде 
таңдауға дайындық; 

Кәсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) – болашақ кәсіби іс-әрекет 
икемділігіне үйрену, қажетті білім алу; 


66 

Кәсіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке 
дейін) – кәсіби қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне 
кіру және іс- әрекет субьектісінің әрі қарай дамуы . 
А.К. Маркова кәсіпқойдың қалыптасуында 5 деңгей мен 9 кезеңді бөліп 
көрсетті: 

Кәсіпқойлыққа дейін мамандықпен алғаш рет танысу кезеңі; 

Кәсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: мамандыққа бейімделу, өзін-өзі 
таныту және шеберлілік түріндегі мамандықты еркін меңгеру; 

Жоғары кәсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: шығармашылық түрде 
мамандықты еркін меңгеру, әр түрлі мамандықтармен шұғылдану, өзін-өзі 
тұлға ретінде өзіндік шығармашылық болжау жасау; 

Кәсіпқой емес тұлғаның оқшаулануынан еңбектің кәсіби бүлінген 
нормалары арқылы орындалуы; 

Кәсіпқойлықтан кейін кәсіби іс-әрекеттің аяқталуы . 
Кәсіби қалыптасу процесіндегі іс-әрекет динамикасын Н.С. Глуханюк 
зерттеген. Оның айтуынша, кәсіпке дайындық, оған бейімделу, шеберлік т.б. 
кезеңдерде тұлға іс-әрекеті күрделене және кеңейе түседі. Ал, В.Д. Шадриков 
кәсіби мәнді сапа ретінде іс-әрекет тиімділігіне және меңгеру табыстылығына 
әсер ететін іс-әрекет субъектісінің индивидуалды сапаларын қарастырған
Н.С. Пряжников кәсіби өзіндік анықталуды зерттей келе, оның келесі 
түрлерін бөліп қарастырған: нақты еңбек функциясы кезіндегі, нақты еңбек 
орнындағы, нақты мамандықтағы, нақты кәсіптегі, өмірлік, тұлғалық және 
тұлғаның мәдениеттегі анықталулары
Л.М. Митина кәсіби іс-әрекет қалыптасуының екі моделін бөліп 
көрсетті. 
Бейімдік (адаптивті) моделі – адам сана-сезімінде кәсіби еңбектің 
сыртқы жағдайларға тәуелді болу тенденциясы кәсіби міндеттер, ережелер, 
нормаларды шешу алгоритмдерінің орындалуы түрінде басым болады. 
Кәсіби даму моделі – тұлғаның қалыптасқан практика шектерінен шығу, 
өз іс-әрекетін практикалық қалыптасу затына айналдыру және сол арқылы 
өзінің кәсіби мүмкіндіктерінің шектерін жеңе алу қабілеттіліктерімен 
сипатталады. Тұлғаны сана атрибуты ретінде қарастыратын болсақ, онда ол 
өзінің қажеттілігін бойындағы белсенділікпен көрсете алады. Бұл арада тұлға 
алдындағы құндылық пен сол құндылыққа жету мүмкіндігі орын алуы үшін 
тұлғаның ішкі рухани қабілеті жұмсалып, оның әрекеті белсенді сипатта 
болуы керектігін айтып кетсек болады. Әлбетте, белсенділік дара емес 
әлеумет, ұжым ішінде көрінеді. Сондықтан біз студенттердің де іс-әрекетін 
қоғамдық іс- әрекеттерден бөлу мүмкін еместігін, олармен қатар кәсіби, 
педагогикалық және т.б. іс-әрекеттердің жүретіні жайлы айтқымыз келеді. 
Л.С. Выготский бұл мәселені яғни, тұлғаны әлеуметтік орта мен қоғамнан 
бөліп қарастыру мүмкін еместігін қарастыра келе, психологияда дамудың 
әлеуметтік жағдайлары деген түсінікті енгізген. Оның айтуынша, тұлғаның 
дамуы индивидтің мәдени құндылықтарды меңгеруімен ұйғарылады. 
Адамдық мазмұн және мән адам қатынастары нәтижесінде туындайды, яғни 


67 
баланың баламен, үлкендермен тікелей әлеуметтік байланысы кезінде 
туындап, интериоризация арқылы адам санасында дамиды. Сонда бұл жерде 
адам қоғаммен және басқа адамдармен біріккен іс-әрекет жасау арқасында 
қалыптасады, дамиды және өзгереді десек те болады. 
Тұлғаны белгілі-бір іс-әрекет тәсіліне дайындық күйлерін реттейтін 
функциялар өте көп. Осындай функцияларды атқаратындар қатарында өмірлік 
ұстанымды, қызығушылықтар бағыттылығын, құндылықтық бағдарларды, 
әлеуметтік бағдарларды, субъективтік қатынастарды, жетекші түрткіні 
қарастыруға болады. Отандық психологияда индивидпен саналанатын және 
мойындалатын барлық әлеуметтік құндылықтар оның өмірі барысында 
ассимиляцияланып, даралық құндылықтарға айналатыны жөнінде пікір 
айтылған. 
Адамның кәсіпке бейімделуі басталғанда ол көптеген бейтаныс 
адамдармен байланысқа түседі. Ол тұлғаны тұрақты қалыптастыратын 
фактордың ең негізгісі кәсіптік қызмет процесінде, оң мотивация ретінде 
кәсіптік қажеттілік қалыптасқанда болады дейді. Климовтың ойынша, әрбір 
кәсіптік топ үшін өз қызметтерінің мәні, құндылықтары бар. Егер таңдалған 
кәсіп, өмірлік мән, субъекті бірлессе, онда кәсіптік қызмет мәнді, өмірлік 
сипатқа тең болады. 
Э. Эриксонның айтуынша, жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер 
рөлін қабылдауымен байланыста болады. 
Тұлға қалыптасуының алғашқы кезеңі мектепке дейінгі жас. Тұлғаның 
әлеуметтену процесі адам өмірінің алғашқы сағаттарынан басталады. Бірақ 
алғашқы үш жыл өмірдің тарих алды, яғни оның дамуына қажетті жағдай 
туғызу кезеңі болып табылады. Элькониннің жіктемесі бойынша бұл 
нәрестелік кезең делінеді. Мектепке дейінгі кезең - (3-7 жас) алғашқы 
этикалық нормалар қабылданатын кезең. Баланың негізгі қызмет түрі рөлдік 
ойын. Осы кезеңде бала идентификация арқылы ережелерді, нормаларды, 
критерийлерді қабылдайды. Бұл процесс дәнекер үлкен адам арқылы және 
құрбысы арқылы жүзеге асады. Балалардың жүріс-тұрысына үлкен адамдар, 
олардың қимыл- қозғалысы, қарым-қатынасы үлгі болады. 
ХІХ ғасырдың басым дидактикалық жүйесінің бірі- денсаулықты сақтау 
педагогикасы. Оның технологиялық негізі оқытудың денсаулықты сақтау 
технологияларын пайдалану және денсаулыққа зиян келтірмей оқытуды 
ұйымдастырудың тәсіл, форма, әдістерінің жиынтығы болып айқындалады. 
Адам өз өмірінің көп уақытын білім беру мекемелерінде өткізеді, сондықтан 
оқушының денсаулықты құндылық қатынас ретінде ұғынуы үшін педагогтың 
рөлі зор болып табылады. Денсаулықты сақтау технологиялары оқушының 
психикалық денсаулығын қамтамасыз етуге арналған және сыныптың 
ерекшелігін есепке алу, сабақтағы қолайлы жағдайды қалыптастыру, оқу 
материалына деген қызығушылықты сақтап отыру, гиподинамияның алдын 
алу, іс-әрекеттің әр түрін орындау, оқытудағы сәттілікті арттыру. 


68 
Әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық даму технологиясы (САЛРТ) – 
оқушының 
денсаулығын 
қалыптастыру, 
тұлғаны 
психологиялық 
қалыптастыру. 
Психологиялық денсаулық» терминін И.В.Дубровина енгізді, ол 
психологиялық денсаулықты психикалық денсаулықтың психологиялық 
аспектісі ретінде, яғни тұлғаның рухани дамуымен көрінуіне байланысты 
түсіндіреді . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет