69
– Психоэмоциялық
және соматикалық тынышталуына, қиналысты
жоюға, жан дүниесінің, жүйке жүйесінің, психикасының қызметінің ретке
келуіне мүмкіндік беру;
– Тұлғаның қарым-қатынасындағы проблемаларды шешуге көмектесу;
– Эмоциялық, ақпараттық, оқу, физиологиялық стресті жою
техникаларын пайдалану;
– Тұлғаның өзіне жағымды қатынасты қалыптастыру;
– Еңбекке қабілеттілікті қолдау және оны сақтауға үйрету;
– Тұлғаның өзіндік рефлексиясын дамыту;
– Қызметте сәттілікке жетуді үйрету;
– Қызметте эмоцияны сақтауды үйрету;
– Тұлғаның ұйымдастырушылық
қабілетін дамыту;
– Мінездің іскерлік жағын дамыту;
– Өзінің және өзгенің эмоциялық жағдайын ұғыну мен қабылдау
іскерлігін дамыту;
– «Бодифлекс» әдісі пайдалану арқылы оқушылардың күш қуатын
арттыру және ақыл- ой іс-әрекетін белсендіру;
– Сумен шынықтыру тәсілдерін үйрету;
– Тыныс алу жаттығуларын үйрету .
Тау етегінде, орманда, су жағалауында теріс иондар – аэроиондар өте
көп, оларды біз «ауа дәрумендері» деп атаймыз. Денсаулықты нығайту үшін
олармен тыныстай білуге үйрету. Психологиялық денсаулық бөлмесін
ұйымдастыру қажет, өйткені ол адамның психологиялық және физиологиялық
жағдайына ықпал ететін ерекше орын. Қазіргі танда әр адамның соматикалық
және психикалық денсаулығына негативті ықпалдар әсер етіп, оны
дағдарыстық жағдаятқа түсіруде, ал психологиялық
денсаулық бөлмесі
эмоциялық қалыпты реттеп, психологиялық үйлесімділіктің дамуына жағдай
туғызады.
-Бұл бөлмені кез-келген білім беру мекемесінде ашу қажет, өйткені
мұғалім, оқытушы мен қызметкерлерді басқару көптеген күш-қуаттың
жұмсалуына алып келеді.Мұғалімдер, оқытушылар мен қызметкерлер
өзгелерге қолайсыздық туғызбай-ақ өзінің ашуы мен ызасын сыртқа шығарып,
көңіл-күйін, эмоциялық жағдайын жақсарта алады.
-Ең бірінші бұл бөлмеде музыка үнемі ойнап тұруы қажет және ол
жағдаятқа байланысты өзгеріп отырғаны абзал (табиғат үнін,
құстың
сайрағанын тыңдау). Ауадағы көбікті түтікшелер көңіл- күйді жақсартады, ал
түрлі-түсті проекторлардан шыққан түрлі-түсті толқындар адам жағдайына
позитивті ықпал етеді.
-Бір-екі кресло және бірнеше орындықтар, сонымен қатар топтық
сеанстар үшін кілемде төселінуі қажет
-Оқушының психологиялық денсаулығын қалыптастыруда мектептегі
психологиялық кабинеттің де маңызы зор.
Мектептегі психологиялық кабинет психологиялық стресті әлсіретіп,
қолайсыз
жағдаяттарға қарсы
тұрып, позитивті
қуатты
игеруге,
70
психокоррекция мен психологиялық кеңес беруге арналған болып табылады
және релаксациялық музыка кітапханасын жинақтау, ауадағы көбікті
түтікшелерді және арнаулы оң әсер ететін жарық құрылымын орналастыру
қажет. Оқушылардың психологиялық денсаулығын қалыптастыру үшін
педагогикалық үдерісте төмендегідей жұмыстар жүруі қажет:
Сергіту сәті және қозғалыстық ойындар
«тыныштық сәті»
Гимнастика түрлері (емдік
гимнастика, тыныс алу)
Массаж
Психогимнастика
Тренингтер
Фитотерапия, ароматерапия, витаминотерапия
Мектептегі фитобарлардың болуы
Физиотерапия кабинеті
Педагог пен оқушылар үшін денсаулық сақтау тренингтері.Тақырыптық
мерекелер.
Достарыңызбен бөлісу: