әлеуметтік фасилитация феноменін суреттеген (ағылшынның facilitate -
жеңілдету). Индивидтің іс-әрекетінің жылдамдығы мен өнімділігінің
жоғарылауы сол индивидтің әрекетіне бақылаушының немесе бақталас
түрінде шығатын шынайы қатысушылардың немесе оның санасында басқа
адам бейнесінің болуына байланысты. Таныс емес адамдардың енжар
қатысуының өзі адамның іс-әрекетінің нәтижесіне әсер ететіндігі анықталған.
Қасындағы адамдар ұқсас жұмыс істегенде немесе олар жұмыс үстінде бір-
бірімен қарым-қатынас жасағанда мұндай әсер күштірек болады. Ұжымдық іс-
әрекеттердің жекелеген іс-әрекеттерге қарағанда анағұрлым өнімді
болатындығы В.М. Бехтерев эксперименттерінің қатарында көрсетілген. Басқа
зерттеушілердің эксперименттерінде шешім қабылдауда топтық тәсілдің
жекелеген тәсілден артықшылығын дәлелдейтін нәтижелер алынған. Алайда
ғылымда басқа адамдармен нақтылы қарым-қатынас жасаудың өзі іс-
әрекетнәтижесіне кері әсер ететіндігін дәлелдейтін басқа да фактілер
анықталған. Осыған орай