салмақты болып көрінеді, мысалы: куб, шар. Сондықтан,
костюм пішінінің
салмақтылығын кішірейту үшін пішімді сызықтық түрге келтіру керек.
Жарық көлеңке
- бұл пішімнің және оның бөліктерінің жарықталынуы
және көлеңкелеу деңгейін көрсетеді. Одан пішіннің басқа да қасиеттері қалай
қабылданатынына байланысты. Сонымен, ашық түсті заттар үлкен, ал күңгірт
түстілер кішкентай болып көрінеді. Пішімнің жарық - көлеңкелік қатынасы
заттың материалымен,
құрылысымен, безендірілуімен анықталады. Мысалы,
костюмде бұл мата саласына сонымен қатар бүрмелер, бүктемелер шағылысқан
жарыққа байланысты.
Фактура
- бұл абсолютті жылтырдан бұдырға дейін өзгере алатын
пішімнің бетінің қүрылысы. Фактура пішімнің салмақтылығын қабылдауда
қатты әсер етеді - ірі беткейі заттың салмағын визуалды көбейтеді. Сонымен
қатар фактурадан пішімнің жарық-көлеңкелігі байланысты - беткейіннің
құрылысы неғұрлым ірі болса, соғұрлым
оның жарық-көлеңкелігі анық
көрінеді.
Фактура ол заттың беткейінің құрылысы, не болмаса табиғатына тән
қасиеті, не болмаса өңделу процесінен алынған түрі.
Затгың бетіне жарықтың шағылысуы бойынша, барлық фактуралар былай
бөлінеді:
•
бұдыр, ірі элементтері бар, олар бетінде өте күрделі жарық-көлеңке
жасайды;
•
біртекті, орташа элементтері бар жарықты біркелкі таратады
(мұндайды «жарық жұтқыш» дейді);
•
жылтыр,
өте майда элементтері бар, мұнда жарық сәулелері заттың
бетіне қандай бұрышпен түссе, сондай бұрышпен шағылысады, яғни айна
бетімен шағылысқандай.
Фактураның әр түрлілігін тек қана визуалды түрде емес олардың тегіс,
жылтыр немесе тікенек, бұдыр екенін айырып, сезу арқылы қабылдайды.
Әрбір фактура өзінде эмоционалды кемсушілік белгілері көрсетіледі.
Көрермендерге әсер етуі бойынша фактура
пассивті
және
активті
болып
бөлінеді.
Пассивті фактура - өте майда элементтері бар
біркелкі нейтралды беттік
фактура. Активтік белсенді фактура - ірі элементтері бар күрделі бұдыр беттік
фактура.
Активті белсенді фактура өте декоративті қосымша әшекейленуді қажет
етпейді. Ал, пассивті фактура декорға және өңдеуге жақсы фон бола алады.
Түс -
пішімнің ең эмоционалды - мәнерлі көрінісі. Түс пішіннің бейнелік
құрылысының қалыптасуына белсенді көмектеседі.
Пішім туралы айтқанда, біз заттардың көлемді-кеңістік белгілерін
ойлаймыз. Егер де пішімді жазықтыққа жобалағанда, біз силуэт аламыз.
Силуэт
- бүл пішімнің жазықты қабылдануы. Жазықты пішіннің контурын сипаттайтын
сызықтарды силуэтті сызықтар дейміз.
Силуэт -
пішімнің ең нақты мінездемесі.
Пішіннің элементтерінің біркелкі қосылуы сонымен қатар пішімнің бір
бағытының екінші бағытына бір қалыпты өтуін пластика д.а. Пішімді жасайтын
сызықтары арқылы пішімнің пластикалығын бағалайды. Пішімнің бетінің
қозғалыс бағытын, оның силуэттік және
құрылыстық сызықтары арқылы
анықталады.
Пластика—бұл үлгілік құрылысын көрсететін және көптеген факторларға
бағынатын пішін қасиеті. Оның ішінде ең қажеттісі, заттың жасалған
материалының пластикалық қасиеті. әр түрлі материалдармен жұмыс істеп
отырған суретші сол материалдардың жобаланған объектіде қалай көрінетінін,
тәртібін алдын ала білу керек, олардың анық сапасын және мүмкіндігін ашып
көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: