Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар :
осы тақырыпты қарастыру кезінде қылмыстық іс жүргізу
кодексінде бекітілген адвокатқа қатысты ережелерді оқу керек.
Қорғаушыны қылмыстық іске шақыру, тағайындау және
ауыстырудың тәртібін, оның қылмыстық істер бойынша
процессуалдық жағдайына тоқталу тақырыпты толық меңгеруге
мүмкіндік береді.
Негізгі әдебиеттер: [1-36]
Қосымша әдебиеттер: [1-207]
Электрондық тасымалдағыштардағы қайнар көздердің тізімі: [1-13]
Тақырып 12. Адвокаттың азаматтық сот өндірісіне қатысуы. Сұрақнама: 1.
Азаматтық іс бойынша консультация: түсінігі, мәні,
негізгі кезеңдері. Құқықтық позицияны анықтау.
2.
Іс бойынша тапсырмаларды қабылдау.
3.
Тараптың
өкілі
ретінде
адвокаттың
қатысуын
болдырмайтын мән-жайлар.
4.
Сотқа дейінгі іс материалдарын дайындаудағы адвокаттың
қатысуы. Азаматтық іс бойынша дәлелдеу пәнінің анықтамасы.
5.
Соттық істерді талқылауға адвокаттың қатысуы.
6.
Заң күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қараудағы
адвокаттың қатысуы.
7.
Қадағалау тәртібіндегі заң күшіне енген сот шешімдерін
және қаулыларын қайта қарауда адвокаттың қатысуы.
Тапсырмалар: 1. Сенімхат негізінде және тапсырма шарты
бойынша адвокаттың азаматтық іс жүргізуге қатысуының
ерекшеліктерін қарастырыңыз.
2. Адвокаттың азаматтық іс жүргізуге қатысуына байланысты
туындайтын мәселелер туралы анықтамалық баяндама әзірлеңіз.
Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар:
адвокаттың азаматтық іске қатысуының негізін
52
қалыптастыратын қолданыстағы заң жиынтығын білу керек.
Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілген соңғы
өзгерістермен танысыңыз. Осы саланы зерттеу үшін
адвокаттың заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын
қадағалау тәртібімен қайта қарауға қатысуын білу керек.