артқы жоспарда – биік өсетін, орта бөлімінде- орташа өсетін, ал
алдында – аласа өсетіндер. Бордерлер мен миксбордерлер
көбінесе жалпақ тастармен, өзендік құмдармен безендіріледі.
Олар көбінесе су қоймалары мен альпі шоқысының жанында
жақсы көрінеді. Уақытымен өсімдіктердің қураған және өліп
қалған жерлерін алып тастап, топырақтарын қопсытып және
суғару міндетті.
Жеке отырғызу.
Жеке отырғызылған өсімдіктерді көбінесе
ашық жерлерде, мысалы, көгал мен шалшық жерлерде
отырғызады. Жеке өсетін өсімдік сыртқы көрнісімен, әдемі
түрімен және өлшемімен ерекшеленеді. Ол мақсатқа жнту үшін,
жәй сау көшірмелерді отырғызып, және күнделікті оларды күтіп
– баптау керек. Жеке ағаштарға көбінесе лилия, гладиолус,
астильба, кохия және т.б. сәндік өсімдіктер жатуы тиіс.
Клумба.
Клумба гүлді және сәндік – жапырақты
композицияның бір түрі болып табылады. Әр түрлі формалары
бар. Олар: тікбұрышты, сопақ, домалақ, тік төртбұрышты және
т.б. болады. Өсімдіктері бір түсті, әр түрлі және жолақты болуы
мүмкін. Клумбаның дәл ортасына әдетте үлкен және ақшыл
сәндік өсімдіктер, мысалы, таушымылдық, гладиолус, канна,
георгина және бұтақты раушан гүлдер отырғызылады. Бордердің
жан-жағына биік емес контраст беретін гүлдер отырғызады. Бұл
рөльге флокс, барфат, алиссульдар өте жақсы сәйкес келеді.
Өсімдіктерді клумбаның ортасына емес, жан – жағына тығыз
отырғызса, онда гүлдердің орналасуы тиянақты болып шығады.
Форма анық болады, ал екпелері жақсы және қолайлы жағдайда
гүлдеп дами алады.
Достарыңызбен бөлісу: