керек. Тротуар, бақ жолдары мен аллеясы жиегінен ағаш
отырғызу аралығы 0,7метр, ал бұта отырғызу 0,5метр болуы
керек. Көшенің, жолдың, тоғандардың жиегінен ағаш отырғызу
аралығы 2метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы керек. Жарық
шам бағаналарынан, галерея және
эстакадтардан ағаш отырғызу
аралығы 4метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы керек. Қоршау
қабырғалары мен террассалардан ағаш отырғызу аралығы 1метр,
ал бұта отырғызу 0,5метр болуы керек. Тіреу қабырғаларынан
ағаш отырғызу аралығы 3метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы
керек. Жер асты коммуникациялары газ
құбырларынан ағаш
отырғызу аралығы 1,5метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы
керек. Жылу құбырларынан ағаш отырғызу аралығы 2метр, ал
бұта отырғызу 1,0метр болуы керек. Су құбырларынан ағаш
отырғызу аралығы 2метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы керек.
Байланыс кабелдерінен ағаш отырғызу аралығы 2метр, ал бұта
отырғызу 0,7метр болуы керек.
Ағаш және бұталардың жерсінуі жоғары болу үшін барлық
агротехникалық талаптарды қатаң сақтап, қазып алу мен тұрақты
жерге отырғызу мерзімі қысқа болу керек.
Ашық тамыр жүйесіндегі ағаш тікпелерін отырғызатын
жерді төртбұрыштап немесе дөңгелектеп қазады. Қазылған
шұңқырдың түбі 10-12см тереңдікте қопсытылады. Бұл қазылған
шұңқырға 5-7 күнен кейін ағаш отырғызу керек. Өйткені бұл
аралықта топырақтың астыңғы
қабаты оттегімен қамтамасыз
етіледі. Ағаш отырғызылатын шұңқырдың мөлшері өсімдік
көлеміне байланысты болады. Тікпелерді отырғызуға арналған
шұңқырдың орташа көлемі төмендегідей:
- тереңдігі, метр 0,7-0,8метр.
- диаметрі, метр 1метрден кем емес болу керек.
Бұталы өсімдіктер отырғызуға арналған шұңқыр тереңдігі
0,65метр болуы керек. Тікпе отырғызылатын шұңқыр топырағы
тастардан, ірі кесек топырақтардан тазартылады. Топырақтың
беткі
құнарлы
қабаты
шұңқырдың
астына
салынады.
Отырғызылатын көшеттің тамыры күн көзінде 15
минуттан артық
тұрмауы тиіс. Негізінен ашық тамыр жүйесін топырақпен
(шымтезек, сары топырақ) дайындалған балшыққа салып қояды.
Мұндай балшықтар тамыр жүйесін қаптап, топырақпен тез
байланыс жасауға мүмкіндік береді. Бұндай қоспаға сонымен
бірге калий тұзының судағы ерітіндісі концентрациясы 0,001