174
Сендіру
қисынды негіздеу көмегімен ақпарат қабылдаушы
адамнан ерікті келісім алуға тұрғызылады. Бұл – интеллектуалдық,
ал мәжбүрлей түсіндіру көңіл-күйлік, еріктік әсер ету.
Ұқсату
(
еліктеу
)
– бөтен мінез-құлықты белсенді қайталау.
Еліктеудің бірнеше негізгі типтері бар:
қисынды және қисын-
сыз, ішкі және сыртқы, еліктеу-сән және еліктеу-дәстүр, ішкі
және топаралық еліктеу. Бұл – конформистік мінез-құлықтың
негізгі механизмдерінің бірі.
Осы құбылыстардың барлығының психологиялық механизм-
дері өзіндік ерекше коммуникативтік процестердің және тұл-
ғаның олар шартталатын сапаларының болуымен байланысқан.
Бұл эмпатия, аттракция,
идентификация, рефлекция, т.б. про-
цестері.
Оларды сипаттаудың алдында олар таралатын жалпы комму-
никативтік контексті сипаттаушы ұғымды анықтау қажет:
1. Коммуникативтік цикл – бұл бірқатар негізгі коммуника-
тивтік іс-әрекеттің тізбектілігі. Оның құрылымы коммуника-
цияның жалпы құрылымына тұтастай ұқсас, бірақ біраз қосым-
ша компоненттерден тұрады:
– коммуникативтік түрткі – коммуникативтік актінің баст-
алуына және оның формасын
таңдауға ұмтылудың туындауы;
– әріптесті «шақыру»;
– шақырудан «бас тарту»;
– «шақыруды» қабылдау;
– ақпарат беру;
– адресатпен байланысты аяқтау және түйсінудің аяқталуы
мен адресаттың жауаптық сөзінің инициациясын білдіретін өзін-
дік
ерекше операциялар;
– адресаттың байланысты үзу мүмкіндігі;
– адресаттан кері байланысты ақпарат алу және оны интер-
претациялау;
– бастапқы хабарды түзету және коммуникативтік циклді
аяқтау немесе оны қайталау (егер коммуникацияның бастапқы
мақсаттары орындалмаса).
2.
Коммуникативтік
күй
–
бұл тұлғаның коммуникацияға
қосылу шамасы мен толықтығын, оның мүмкіндіктерін және он-
дағы белсенділігін сипаттайтын қорытушы ұғым. Бұл әрі тұл-
175
ғаның коммуникацияға үстемесін қамтамасыз ететін басқа ин-
дивидтер жағынан ықпалды-рецептивтік бағдарды қабылдауға
әзірлік.
3. Коммуникативтік біліктілік –
бұл басқа адамдармен бай-
ланыс орнату және қолдау қабілеті.
4. Коммуникативтік қабілеттер өзара іс-қимыл тиімділігінің
жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұның себебі – алынған бі-
лім мен тәжірибе емес, тұлғалық сапалар және ерекшеліктер.
Бұл қабілеттер құрамына экстраверттік, ашықтық (соның ішінде
когнитивтік), көңіл-күйлік, сезімталдық, т.б. кіреді.
Интегративтік сапа ретіндегі коммуникативтік
қабілетті қам-
тамасыз етуде коммуникативтік қабілеттермен тығыз беттесетін
коммуникативтік процестер басты рөл атқарады, оларды процестер
ретінде де, тұлғаның сапалары ретінде де қарастыруға болады.
Төмендегілер олардың негізгілері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: