ПӘК ШЕЖІРЕ Хазіреті Ибраһим пайғамбар ұстанған дін «Ханифтік» деп аталады.
Аты мұсылманшылық болмағанмен заты исламға сай, яки Алланың қалаған
ақ жолы еді.
Пайғамбарлардың әкесі саналатын Хазіреті Ибраһимнің Ысқақ және
Ысмайыл атты екі ұлы бар еді. Ол, Аллаһтың құдіретімен, Ысқақтың
ұрпақтары арасынан бірнеше пайғамбар шығатынын алдын-ала сезіп, білген-
ді. Алайда сүйікті жары Ажардан туған ұлы Ысмайылдың нәсілінен
пайғамбар
шығып-шықпауы
беймәлім-тін.
Ақырзаманда
соңғы
пайғамбардың келетіндігінен хабардар Хазіреті Ибраһим, оның жанындай
жақсы көретін ұлы Ысмайылдың ұрпағынан тарағанын шын көңілімен
қалайтын. . .
Адам ата тарапынан іргетасы қаланған жер бетіндегі тұңғыш құрылыс -
Қағба да ұзақ жылдар әсерінен әбден ескіріп, құлауға айналған еді. Аллаһ
Тағала Хазіреті Ибраһимге осы қасиетті ғимаратты қайта қалпына келтіруді
бұйырады. Ұлы әмірді есітер-есітпес Ибраһим пайғамбар Ысмайылмен бірге
құрылыс жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетеді.
Қағбаның құрылысы аяқталған соң әке мен бала қол жайып, былайша
Аллаһқа жалбарынады: