Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Әскер әзірлігі тәмамдалды, бірақ



Pdf көрінісі
бет39/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Әскер әзірлігі тәмамдалды, бірақ 
... 
Тағы бір таң атты. Меккеге баса-көктей кіріп Қағбаны жермен-жексен 
етуге Әбраха әскері сақадай сай, тек бір бұйрықты күтуде еді. 
Милади 571 жылғы мұхаррам айының 17-сі, жексенбі. Әскер шабуылға 
енді кірісейін деген сәтте Әбраханың бағдар көрсетуші, жолбасшысы Нуфайл 
ибн Хабиб есімді адам алып піл - Махмұттың құлағына иіліп сыбырлады: 
"Шөк Махмұт, шөк. Аман-есен тұрғаныңда келген жолыңмен кері қайт. 
Сен Аллаһ тарапынан қасиетті саналған аймақтасың!" Осылай дейді де өзі 
тауды бетке алып кетіп қалады. 
Нуфайлдың сөздерінен соң піл тұрған жерінде шөкті, әскерлер оны 
қанша тұрғызбақ болса да орнынан жылжыта алмады. 
Иеменге бағыттап айдаса, ештеңе болмағандай шабатын піл, Шамға 
қарай да, Шығысқа қарай да қайқаңдай жөнеледі. Бірақ бетін Меккеге 
бұрғанда әл-дәрмені біткендей шөгіп жата қалады. 
Ел-жұрт бұл оқиғаға таң-тамаша боп аңтарылып қалды. Дәл сол сәтте 
құдіреті күшті Аллаһ Тағала (Құранда) «Әбабил» деп аталатын құстарды топ-
тобымен теңіз жақтан Әбраха әскерінің үстіне ұшырып қоя береді. Тұрқы 
кішкене ғана, түрі қарлығашқа ұқсайтын әбабилдердің әрқайсысының 
аузында бір-бірден тістеген, аяқтарының арасында екі-екіден қыстырған 
үлкендігі бұршақтай тастары бар еді. Олар осы тастарды келген беттерінде 
әскерлердің үстіне жаудырып кеп жіберді. Тас тигені тигендей сұлап түсіп, 
өліп жатты. 
Әп-сәтте не болғанын аңдамаған әскерлер айнала құлаған адамдар мен 
жануарларды көргенде беталды қаша бастайды. Әбраха да әрең дегенде 
құтылады. Алайда тас тиген денесінің жарасы жазылмай, ақыры арманына 
жете алмай о дүниеге аттанды. 
Қағбаға шабуыл жасаудан бас тартқаны үшін Махмұт атты піл де аман 
қалады. 
Аллаһтың жазуымен әбабилдер ұшып кеткен соң сол төңірекке нөсер 
жаңбыр жауып, өліктер мен қалдықтарды жуып-шайып әкетеді. 
Ұлы Раббымыз Құран Кәрімнің Піл сүресінде бұл оқиға жайында 
былай баяндайды: 
"Раббыңның піл иелеріне істегенін көрмедің бе? 
Олардың айлаларын түкке алғысыз етпеді ме? 
Олардың үстінен топ-топ құс ұшырды. 
Оларға отқа қыздырылған тастар жаудырды. 
Раббың оларды шөп-шаламға айналдырды." 
Бұл оқиға - ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) пайғамбарлығының бір 
дәлелі. 
Әлбетте, Аллаһ Тағала рахымы мен хикметі арқылы Хабибінің, яғни ең 
сүйікті құлы - Хазіреті Мұхаммедтің құрметі үшін қасиетті мекенді Әбраха 
әскеріне таптатпасы айтпаса да түсінікті. 


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет