71 7-сурет. Түн аруы өсімдігі гүлдерінің түсінің толымсыз доминанттылық
кезіндегі ажырау сызбанұсқасы
Мендель ашқан белгілердің ажырау заңын хромосома-
лар ерекшелігімен – олардың жұп болатындығымен, гомологты
хромосомалардың мейоз кезіндегі ажырауы мен ұрықтану үдерісінде
олардың қайта қосылып бірігуімен түсіндіруге болады.
Моногибридті будандастыруға есеп шығару жолдары жəне есептер жинағы: 1-есеп. Егер жүннің қоңыр түсі доминантты болса ата-аналары
гомозиготты қоңыр жəне сұр түсті күзендерді шағылыстырғанда
бірінші ұрпағы қандай болады? Бірінші ұрпақтағы будандарды өзара
шағылыстырғанда не күтеміз? Есептің берілгені бойынша ата-анасы
гомозиготты, олай болса, олардың генотипі АА жəне аа.
Берілгені: Ген белгі
А – жүннің қоңыр түсі
а – жүннің сұр түсі