12 QYSQARǴAN SÓZDER EMLESI JÁNE TASYMAL TÁRTIBI ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен
құралып, кейде қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы: Машина-трактор станциясы
деген МТС болып, Америка Құрама Штаттары деген АҚШ болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы де-
ген БҰҰ болып, Қазақтың мемлекеттік университеті деген ҚазМУ болып кысқарып та жұм-
салады. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алуын
қысқарған сөздер дейді.
Күрделі атаулар әртүрлі жолдармен қысқартылады.
1. Күрделі атау құрамыңдағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: БҰҰ – Бірік-
кен Ұлттар Ұйымы, ҒА – Ғылым Академиясы, ХШЖК – Халық шаруашылық жетістіктерінің
көрмесі, КТУ–кәсіптік-техникалық училище т.б. Бұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазы-
лады да оларға қосымша дефис (-) жалғанады.
2. Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің бас буыны мен кейінгі сөздердің бас әріп-
терінен құралады. Мысалы: ҚазМИ – Қазақтың медицина институты. Бұндай қысқарған
сөздердің бірінші буынындағы бірінші әріп пен кейінгі сөздерден қысқартылып алынған
бірінші әріптері бас әріппен жазылады да, оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады.
3. Күрделі атау құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің бірін-
ші буыны мен келесі сөз тұтасымен бірігіп құралады. Бұндай қысқарған сөздер кіші әріппен
жазылады да, қосымша әдеттегі сөздей (дефис арқылы емес) жалғанады, яғни қосылып жа-
зылады.
4. ГАЗ-51, ТУ-154, Ил-86, АН-24 тәрізді техника түрлерінің (самолет, машина, трактор т. б.)
маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөздер болып табылады.
Бұңдай қысқарган сөздер бас әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жалғанады.
5. Әртүрлі өлшемнің атауы болып табылатын м (метр), см (сантиметр), кг (киллограмм),
т (тонна), га (гектар), ц (центнер) т. б. (тағы басқа) тәрізді белгілер де қысқарған сөздер
болып табылады. Бұлар кіші әріппен жазылады да, қосымша жалғанбайды.