қос сөздер арқылы терминдер
жиі жасалады.
Поборы – алым-салық, поведение – мі-
нез-құлық, учение – оқу-жаттығу, план-проект – жоба-жоспар, махинация – айла-шарғы
т.б.
Приходно-расходный – кіріс-шығыс
т.б.
Қазақ тілінде бұрыннан дефис арқылы жазылатын сөздер бар:
- дара мағыналы сөздердің қосарлануы арқылы жалпылық мағына беретін
(аға-іні,
төсек-орын, тау-тас)
қос сөздер т.б.
- сыңарлары өзара мағыналас және қарама-қарсы, жиынтық және жалпылама мәндегі,
сондай-ақ мағынасы көмескіленген қос сөздер:
сый-құрмет, үгіт-насихат
т.б.
- қосарланған болжалдық сан есімдер:
бір-екі, алты-жеті
т.б.
- қосарланған еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер және көңіл-күй, шақыру одағайлары:
жалт-
жұлт, сатыр-сұтыр
т.б.
- грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер:
тегіннен-тегін, қолма-қол,
т.б.
Жаңа емледе шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулар, сондай-ақ
ýeb, eks
сө-
залды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады. Сондай-ақ, араб цифрымен
берілген санға қосымша дефис арқылы жалғанады, яғни
-ynshy (-inshi), -nshy (-nshi)
қосым-
шасының орнына дефис қойылады.
Цифрлардың
қолданылуында дефис үлкен қызмет атқарады. Реттік сан араб цифрымен
берілсе, оның түсірілген -ыншы (-інші), -ншы (-нші) қосымшасының орнына
дефис
қойып
жазу сан мен қосымшаның аражігін анық бөліп көрсетеді. Бұл сөз жазылуының ықшам да
қолайлы түрі болады. Мысалы,
2018-jyl, 5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı,
9-páter
т.б. Дефис жазылғанды оқу кезінде ереже бойынша осы қосымшаның қызметін де,
санды бөліп көрсететін айырымдық қызметті де атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |