и таңбасы алынды. Бірақ
тый, сый сөздерінде бұрынғы емле сақталды.
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ жазуында (1940 ж.)
и әрпі орыс әліпбиі құрамында
орыс тілі арқылы енген сөздерді таңбалау үшін енді. Ал қазақ тілі сөздерінде дыбыс тіркесі
арқылы берілді және орфограммаға өзгертулер енгізу ұсынылды. Мысалы, жіңішке сингар-
мотембрде бір әріппен (ки); жуан сингармотембрде екі таңбамен беру (қый). Ғылым Ака-
демиясының Тіл, әдебиет институтында (1952 ж.) өткен жиналыста
ый, ій қосарын
и таң-
басымен беру қабылданады. 1953 жылы емле ережелері жобасында
ый тіркесі
тый, сый сөздерінде жазылды да, бұл сөздерге қосымша жалғанғанда жалаң
и жазылды. 1957 жылғы
емле ережелерінде төл сөз құрамында тек
тый, сый сөздерінде қосар әріп, қалған сөздерде
и әрпі жазылатын болды.
Р. Сыздықтың «Қазақ тілінің анықтағышы» атты еңбегінде:
у әрпі үш түрлі қызмет атқарады:
1) жуан айтылатын
ұу дауысты дыбысын таңбалайды:
су (сұу), суық (сұуық), туыс (тұуыс), бару (барұу), жу (жұу), жуық (жұуық); 2) жіңішке айтылатын
үу дауысты дыбысын таңбалайды:
гу (гүу), гуледі (гүуледі), келу (келүу), жүру (жүуру); 3) сөз басында дауысты дыбыстан бұрын тұрса (уақ, уыс, уылдырық) және сөз ішінде
дауысты дыбыстан кейін не екі дауыстының арасында тұрса,
у әрпі үнді (сонор) дауыссыз
дыбыстың таңбасы болады да, жеке бір өзі
буын жасай алмайды. Мысалы,
уа-қыт, уыл-ды- рық, та-уық, тыр-на-уыш. Сонымен қатар орыс тілінен енген сөздерде дауысты
у дыбысы-
ның қызметін атқарады. Мысалы,
университет. У дыбысы сөздің басында, ортасында және аяғында келеді. Латын графикасына негіз-
делген қазақ жазуында (1929 ж.)