49
майдың
ақ, көгілдір түрлері де кездесед» - дейді.
Сары май
– әбден шайқалып, сүтінен мұқи-
ят
ажыратылған, қойдың қарнына ұзақ уақыт сақтала сары түсін сақтаған,
басқа тағам-
дық майлардан құнарлылығы өте жоғары май. Уақыт өте келе оның түсінің
сап-сары, сары,
ақшыл сары, ақ сары, көгілдір
болуы емес, оның құнарлылығы, сапасының жоғары, яғни
сапа ұзақтығы мәнге ие болады. Тұрақты сыңарымен бірігіп қана атау болатынын «түсі-
неді». Мағынасы көмескілен сыңар «көмекті» қасындағы сыңардан «іздейді». Сондықтан
сарымай, ақмай, қызылмай
сөздері бірігудің ұзақ процесінен өтіп барып біріккен сөзге ай-
налған.
Зат есім+зат есім тіркесінде заттық мағына анықтауыштық қатынасты біршама сақтап
қалған.
Қазақ лингвистикасының тұңғыш профессоры Қ. Жұбанов 30-жылдары біріккен сөздерді
қалыпқа түскен ортақ заңы жоқ,
заңсыз қосынды
деген, біріккен сөздердің пайда болуының
ұзақ сонарлы процесс екенін, аралық жағдайда көп жүріп, жалған көзқарас қалыптастыру
мүмкіндігін ескерткен. «
Қарға
қара құс болғанмен де, қара құс емес, ақ сары,
қарақұс
, қара
құс болмағанмен де,
қарақұс
» деген зерттеушінің сөзі – біріккен сөз жасалуының семанти-
калық жолының тамаша мысалы. Ал
қолғап
сөзін түсіндіргені естеріңізде бар ма? Көреген
ғалым қолғап сөзіндегі
қап
сыңары
мешок
мағынасында емес,
чехол мағынасында қол-
данылғандықтан, тіркескен сөз бірігетінін айтады.
Уық қап, кереге қап, аяқ қап
деген қап
сыңарымен келетін өзге күрделі сөздерден өз заманы сөзжасамындағы айырмашылығын
осылай танытқан. Сонымен,
сарымай, қолғап
сөздері қазақ сөздерінің
Достарыңызбен бөлісу: