«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет211/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
300
301
– Жылдық өсімі 100 пайызды құрайды;
– Нарықтың 2015 жылға арналған болжамы – 3,5 миллиард 
доллар (бүкіл нарықтың 5,1 пайызы, 11 миллион тұрақты 
қазақстандық сатып алушылар);
Онлайн арқылы сауда-саттықтың көрсеткіштері:
– Қолма-қол ақша – 57 %;
– Төлем карталары – 17 %;
– Терминалдар – 14 %;
– Чектердің орташа сомасы – 57 доллар.
Онлайн арқылы бизнес ұйымдастыру тиімді әдіс екенін айта 
келіп, онлайн-бизнес ашу үшін мынандай кеңестер ұсынады:
– Барлығы есептелуі қажет. Егер сіз сайт ашсаңыз – оның құны 
қанша, ол сайт арқылы сауданы қаншалықты арттыруға болатынын 
есептеуіңіз керек. Егер интернетке жарнамаңызды берсеңіз - ол 
жарнаманың нақты қанша сатылым, транзакция мен табыс беретінін 
есептеуіңіз керек;
– Сайтты үнемі дамытып отырыңыз. Көп кәсіпкерлер сайтты 
жасап болғаннан кейін іс бітті деп ойлайды. Бұл – қателік. Сайт 
жасау – оффлайн саудадан онлайн саудаға қарай жасалған алғашқы 
қадам ғана. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстандағы 
барлық сауда-саттықтың 1,2 пайызы интернеттің үлесіне тиген. 
Салыстыру үшін айта кетсек, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш
12 пайызды құрайды.
– Жаңа құралдарды пайдаланып көріңіз. Интернеттен өз 
бизнесіңізге қатысты түрлі сауалнамаларды зерттеп көріңіз. Сол 
арқылы өзіңіздің бизнесіңізге сәйкес келеді-ау деген бір немесе 
бірнеше құралдарды таңдаңыз. Әрине, не істесеңіз де ең алдымен 
табыс табуды көздеуіңіз керек.
– Орта бизнеске айналуға тырысыңыз. Көшбасшы болу үшін 
алға қарай ұмтылу керек. Алдыңызға жаңа мақсаттар қойыңыз. 
Интернетте AB-тест жүргізу мүмкіндігі бар: сайтыңыздың 
қолданушыларының жартысы сіздің интернет-дүкеніңіздің жаңа 
дизайнын көреді, қалған жартысы ескі дизайнын ғана көреді. 
Осылайша қайсысында сауда көбірек жүретінін біліп, таңдауды 
соған түсіруге болады.
– Бренд жасауға тырысыңыз. Өзі ісіңіздің атын шығаруға 
тырысыңыз. Мұндай жағдайда SEO, PPC (мән-мәтін арқылы 
жарнамалау), email-маркетинг (арзандығы жағынан ең тиімді әдіс) 
көп нәтиже бере алады. Сайтқа тікелей кірушілердің үлесі арта 
түседі әрі адамдар сайтыңызға көз үйрете бастайды.
– Қызмет сапасын арттырыңыз. Кез келген сервис ашыла 
салғанда бірден қалыптасып кете бермейді. Келеңсіз жағдайлар да 
орын алады. Сауда көлемі өскен сайын қызмет сапасын жақсарту 
қажеттігін ұмытпау керек. Өйткені қызмет сапасы жақсы болмаған 
жағдайда клиенттерден түсетін арыздар да көп болады. Онлайн-
бизнесті дамыту мақсатында сауатты ұйымдастырылған жүйені 
дұрыс пайдалана білген дұрыс [6, 45 б.].
Қазақстандағы ең тиімді 10 интернет-жоба.
Қазақстандағы ең тиімді интернет-жобалардың құпиясы - бұл 
өз кезегінде шағын мамандандыруды өз уақытында және дұрыс 
жолмен таңдау. Бүгінгі таңда жоғары табыстылық интернетті 
сатып алу қызметтері, жылжымайтын мүлік, ақпараттық порталдар 
арқылы көрсетіледі. 
Бақылаушылапрдың ойлауы бойынша, электронды сауда ХХІ 
ғасыр экономикасының өркендеуінің көзі болып келеді. Бірнеше 
жылдардан кейін Қазақстандағы электронды сауда тез өсуін 
жалғастырады. Жай телефондық линиялардың негізі интернетке 
шығуына кедергі болмайды. Себебі: жүйелік ізденіс үшін сымсыз 
байланыс пен интернетті жеке қолданылатын құралдар бірігіп 
қолданады. Осының бәрі жүйеге шығудың жаңа байланыс түріне 
айналады, ол ұялы телефон сияқты көп таралған және қолдануға 
қолайлы. Осының бәрі Қазақстанның алыстағы аудандарына 
интернетті қолдануға мүмкіндік береді. 
Электрондық сауда Қазақстан үшін тек жаңа мүмкіншіліктерді 
ашады: қазақстандық байланыс жүйесінің өсуі, ақпараттармен 
алмасу, көптеген жаңа қазақстандық және халықаралық 
кәсіпорындардың өсуі, осының бәрі электрондық сауданың 
түрленуінің тездетілуіне мүмкіндік береді. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1 В.В. Гуров «Интернет для бизнеса», М.: ООО 
«Электроинформ», 1997 г [1, 5 б].
2 Балабанов И. Т. Электронная коммерция Учебник для вузов. 
– М.: Дело и сервис, 2009, [2, 112 б].
3 Гуревич М. Л. Технология создания медиа-сервера // 
Маркетинг и маркетинговые исследования в России. 2010. № 2.
[3, 7 б].
4 http://alashainasy.kz/interested/internet-duken-arkyilyi-sauda-
jasaudyin-paydasyi-97670/ [4, 11 б].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет