Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы абиева г. С., Молдаш ы.Ә., Мауленова б. Т



Pdf көрінісі
бет49/131
Дата19.05.2022
өлшемі12,6 Mb.
#143902
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131
Байланысты:
143. kz 1403000 слесарь сантехник

 
2.2 ТАРАУ. ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІ 
 
2.2.1. Үй-жайларды жасанды жылыту 
 
Жылыту–ғимараттар мен үймереттердің бөлмелерінің ішкі ауасына 
және ондағы қоршау беттеріне температура беріп, оны қажетті деңгейде 
ұстап тұруға арналған инженерлік жүйелердің бірі. Жылыту 
қондырғыларымен жылдың суық кезінде бөлмеде жасанды микроклимат 
қамтамасыз етіледі. 
Бөлмелердің ішкі ауасының температурасын тек жылыту жүйесінің 
жұмысына ғана байланысты емес, сонымен қатар, ол желдету жүйесінің 
жұмысына да байланысты болуы мүмкін. Бұл жүйелер бірлесе отырып, 
бөлме ауасының қажетті температурасын, ылғалдылығын, оның қозғалыс 
жылдамдығын, құрамын және тазалығын қамтамасыз етіп отырады. 
Жылыту жүйесі – бұл өз ара байланыстары бар құрылымдық 
элементтердің қосындысы, олар жылытатын бөлмеге қажетті жылу 
шығынын өнімдеп, таратып беру үшін арналған. Жылыту жүйесінің 
принципиальді сүлбесі 75. сурет келтірілген.
Негізгі элементері - жылу қөзі, жылу құбырлары, жылыту аспаптары. 
Жылыту жүйелерінде жылутасмалдағыш қазан немесе жылуалмастырғышта 
қыздырылады, содан кейін құбырлармен жылыту аспаптарына келіп түседі.
Жылутасмалдағыштың жылуы жылыту аспаптар арқылы бөлмеге беріледі. 
1-қазан немесе жылуалмастырғыш; 2-беретін құбыр; 3-жылыту аспабы; 
4- қайтатын құбыр. 
Сурет 75-Жылытудың принципиальді сүлбесі 
Жылыту жүйесінің жүктемесін анықтағанда бөлмелердің жылулық 
тәсілдері мен тәртіптерін ескеру қажет. Тұрғын үйлер мен қоғамдық 
ғимараттарда (мектептер мен жатақханалар, балабақшалар, аураханалар, 
демалу орындары вокзалдар т.б.) салқын мерзімде тәулік бойы жылу 
шығыны тұрақты деп есептеледі. Өндірістік және ауыл шаруашылық 


111
ғимаратарында тәулік бойы жылу шығыны тұрақты емес, ол технологиалық 
процестарға байланысты. Жұмыс уақытында бөлмеде артық жылу болуы 
мүмкін. 
Жылытудың гигиеналық негіздері. Адам организмінің жылулық 
балансы оның өзі өндіретін жылудан, қоршаған ортадан алынатын жылудан 
және қоршаған ортаға жоғалатын жылудан тұрады. Адам организмі өндіретін 
жылу оның жасына, жасаған жұмысына және т.б. факторларға байланысты. 
Жылыту жүйелеріне келесі талаптар қойылады: 
Санитарлы-гигиеналық – бөлмедегі ауаның температурасы уақыт 
бойынша бір келкі жағдайда барлық бағытта, қоршаулардың ішкі бетіндегі 
және жылыту аспаптарының бетіндегі температураларын белгілі мөлшерде 
ұстап тұру, нормативтік деңгейге сәйкес; 
Экономикалық - тұрғызу мен пайдалану кезіндегі келтірілген қаржы 
шығыны күрделі; металл шығыны аз, еңбек шығыныны төмен және жылу 
энергиясының шығыны тиімді; 
Құрылыстық 

бөлме интерьеріне сәйкес, жинақы және құрылыс 
конструкцияларына үйлесімді болуы шарт; ғимараттың салыну мерзімімен 
келісілуі; 
Монтаждық - түйіндер мен бөлшектердің саны мейлінше аз болуы 
керек, оларды дайындауды механикаландыру; монтаждау кезінде қол еңбек 
жұмысы аз болуы; 
Пайдаланулық
 
– техникалық жетілген жүйенің сенімділігі барлық 
пайдалану уақытында мүлтіксіз, қауыпсыз және шусыз жұмыс істеу, реттеу 
атқаруын қолдану арқылы тиімді, зиянды заттар шығындары төмен болуы 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет