а ) б ) 1 – стақан; 2 – корпус; 3 – сальникті тығыздауыш; 4 – табанды
дөңгелек; 5 – гранд-букса
Сурет 90-Біржақты сальникті компенсатор
Жылу желілерін төсеу тәсілдері . Қалалар мен ірі қоныстанған
мекендердің жылу желілерін төсеудің әртүрлі тәсілдері қолданылады, олар
жер бетімен немесе жер астымен жүргізіледі. Сәулеттік талаптар бойынша
жылу желілерін жер астымен каналда төсеу тәсілін кең қолданады, себебі
құбырлар қоршаған ортаның әдемілігін бұзбайды, бірақ құрылыс ауданының
жер қасиеттерін, жер астындағы инженерлік желілердің орналасуын және
жолдардың тығыздығын ескерген дұрыс.
Жер бетімен төсеу жылу көзінен қала шекарасына дейін және
кәсіпорындар аймағында қолданылады, бұл тәсіл пайдалану кезінде ыңғайлы,
130
апаттық жағдайда тез қайта жұмысқа қосуға болады және электрлік тотығу
болмайды (Сур. 91).
Сурет 91- Жылу желілерін жер бетімен төсеу нұсқалары
Қалалардың тұрғын аудандарында жылу желілері негізінде жерасты
түрімен салынады, құрылымдық түрде: каналды және каналсыз болып екіге
бөлінеді. Жылу желілерінің құбырлары каналда салынады, өзара ол өтпейтін,
жартылай өтетін, өтпелі (коллектор) түрге бөлінеді. Канал құрылымы
құбырларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғайды, себебі ол темір
бетоннан жасалады (Сур. 92).
Сурет 92- Жылу желілерінің құбырларын каналда төсеу
Жылу желілерін каналсыз тәсілмен салуға болады, бұл жағдайда
құбырлар тікелей қазған орға орналастырылады (Сур. 93).
131
Сурет 93- Жылу желілерінің құбырларын каналсыз төсеу