2.2.9. Бумен жылыту
Қазіргі уақытта бумен жылыту шектеулі, негізінен технологиялық
процесс буды қолдануды талап ететін кәсіпорындардың өндірістік
ғимараттарын
жылыту
үшін
пайдаланылады.
Технологиялық
мұқтаждықтарға бу әдетте жоғары қысымда беріледі. Жылыту үшін
пайдаланылған немесе редукцияланған (қысымның төмендеуімен) бу
пайдаланылады, әдетте ажыратылған жүйелерде қарастырады.
Бумен жылыту жүйелерінде конденсация кезінде жасырын
конденсация жылуын бөлектеу қасиеті қолданылады.
Осылайша, жылыту құралында 1 кг қаныққан бу конденсациясы
кезінде бөлмеге 2260 кДж жылу беріледі. Төмен қысымды жүйелердегі
будың тығыздығы су тығыздығынан шамамен 1500 есе аз, жылу
өткізгіштердегі оның қозғалысы әдетте 20 м/с асады, яғни сорғымен су
жылыту жүйелерінен 10... 100 есе жоғары.
Жылу тасығыш ретінде буды пайдалану кезінде жылыту аспабының
жылу беру коэффициентінің мәні олардың температурасы бірдей болғанда су
жеткізгішке тән мәндерден 10-30% жоғары. Бұл бу жүйелеріндегі жылу
өткізгіштерге кішігірім құбырларды пайдалануға және жылыту
құрылғыларының шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жүйелер
айтарлықтай кемшіліктерге ие: орталық сапалы реттеудің мүмкін еместігі
(жылу тасымалдағыштың температурасы бойынша); коррозияға үлкен
сезімталдық; жылу құбырларындағы гидравликалық соққылардан туындаған
шу; жылыту құрылғыларының бетіндегі жоғары температура күйіп қалу
қаупін тудырады.
Төмен қысымды бумен жылыту сұлбасы (Сур. 116). Бу қысымы 0,02
МПа астам кезде қолданылатын аспаптарды қазандық деңгейінен төмен
орнатуға болады. Бу қазанынан кейін 1- бу жинағышта жиналады, одан кейін
4- магистральдық жылу құбырлары арқылы 5- жылыту жүйесінің тірегіне
және одан әрі ол конденсацияланатын 6- жылыту құралдарына жеткізіледі.
7- конденсат құбыры арқылы конденсат 8- конденсат өткізгіштен 9-
конденсатты бакқа түседі. Конденсат бұрғышты конденсат багына будың
түсуін болдырмау үшін, әдетте, 0,04 МПа-дан жоғары бу қысымы кезінде
орнатады. 9-багынан конденсат 10- сорғымен жеткізуші құбыр арқылы 1-
қазандыққа беріледі. Қазан алдында сорғы тоқтаған кезде, қазандықтан
конденсатты бакқа суды бумен сығылуын болдырмау үшін кері клапан
орнатылады. Ол конденсат өткізгіштен төмен орнатылған кезде ауаны
жүйеден шығарудың да қызметін атқарады.
159
1-қазандық, 2-бу жинағыш, 5, 11 — құбырлар, 4-магистраль, 5-тіреу, 6-
жылыту аспабы, 7-конденсат құбыры, 8-конденсат бұрғыш, 9-бак, 10-сорғы,
12-кері клапан
Сурет 116- Конденсатты айдаумен төмен қысымды бу жылыту
жүйесінің ашық сұлбасы
Термиялық әрекеттегі конденсат бұрушы (Сур. 117) 0,02 МПа және
одан жоғары қысымның ауытқуы кезінде қолданылатын, былайша жұмыс
істейді. 2 герметикалық сильфонды қорап 90 температурасында қайнаған
сұйықтықпен толтырылған...Конденсатпен бірге келіп түскен кезде сұйықтық
қайнайды, сильфондағы қысым көтеріледі, қорап ұзарады және 4 конустық
клапанмен конденсат бұрғыштың шығысын жабады. Клапанның алдында
жиналған конденсат суып, сильфондағы қысым азаяды, сонымен қатар
клапан көтеріліп, конденсатты өткізеді.
1-корпус, 2-сильфонды қорап, 3-қақпақ, 4-клапан
Сурет 117-Конденсатор
0,05Ма және одан да көп қысымның ауытқуы кезінде қалтқы
конденсат бұрғыш қолданылады.
160
Достарыңызбен бөлісу: |