49
мембраналарының
бүліністерінен
тотығулық
фосфорлану
бұзылып, энергия түзілуі азаяды. Жасуша ядроларының
қабығы бұзылудан ДНК, РНК, нәруыздар түзілуі бұзылады.
Олардың түзілуі ұдайы өсіп-өніп тұратын тіндер үшін өте
қажет. Сондықтан бұл тіндер иондағыш сәулелердің әсерінен
ең алдымен бүлінеді.
Радиацияның жасушаларға әсері.
Жасушалар радиацияға
сезімталдығы бойынша мына тізбек бойынша орналасады:
лимфоидтық тіндердің жасушалары (лимфалық түйіндер,
көкбауыр, айырша без), сүйек кемігі, атабез, анабездер,
ас қорыту жолдарының шырышты қабығы, терінің эпителий
жасушалары т. с. с.
Жасушалардың радиацияға сезімталдығы олардың: гендік
құрылымдарының мөлшерінен, энергиямен қамтамасыз ететін
жүйесінің белсенділігінен, зат алмасуларының қарқынынан,
мембраналарының тұрақтылығынан және олардың қалпына келу
қабілетінен, репарациялық ферменттерінің белсенділігінен
байланысты.
Жасушалардың
иондағыш
сәулелермен
зақымдануының
негізінде
жасуша
ішіндегі
ультра
құрылымдарының бұзылыстары және соған байланысты зат
алмасуларының өзгерістері жатады.
Аз мөлшердегі иондағыш сәулелер жасушалардың қайтымды
өзгерістерін
туындатады.
Бұл
өзгерістерге
нуклеин
қышқылдары түзілуінің тежелуі, жасуша мембраналарының
өткізгіштігі
жоғарылауы,
хромосомалардың
өзара
жабысқақтығы, ядрода түйіршіктер пайда болуы, митоздың
шектелуі т.т. жатады. Олар сәулеленуден кейін бірнеше
минуттың ішінде дамиды. Артынан бұл өзгерістер жоғалады.
Жасушаларға иондағыш сәулелердің көп мөлшері әсер
еткенде
олар
тіршілігінен
айырылады.
Бұл
кезде
лизосомалардың мембранасының өткізгіштігі көтерілуінен
қышқыл гидролиздік ферменттер (ДНКаза, РНКаза, катепсин,
қышқыл фосфатаза т. б.) босап шығады. Осыдан жасушалардың
бөлінуі шектеліп, ядродағы ДНК ыдыратылады. Иондагыш
сәулелердің әсерінен хромосомалардың құрылымдық өзгерісі
болады. Бұл сәулелерге жасуша цитоплазмасынан гөрі ядросы
сезімтал болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: