Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Клиникалық жалған сәттілік сатысында



Pdf көрінісі
бет38/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Клиникалық жалған сәттілік сатысында 
науқастардың 
жалпы жағдайы біршама жақсарады. Алдында байқалған 
аурудың белгілері жоғалады. Бұл сатының ұзақтығы иондағыш 
сәулелердің мөлшеріне қарай 10-15 күннен 4-5 аптаға дейін 
созылады. Иондағыш сәулелердің мөлшері 1 Гр-ден аспаса 
алғашқы 
серпілістер 
сатысы 
аурудың 
айқын 
түріне 
ауыспайды. Ал олардың мөлшері 10 Гр-ден асып кетсе 
аурудың клиникалық сәттілік сатысы байқалмай бірден жіті 
сәулелік аурудың айқындалуы болады. Бұл сатысы кезінде 
қанның 
бұзылыстары 
күшейе 
береді. 
Шеткері 
қанда 
лимфопения 
үдейді, 
лейкоциттердің 
жалпы 
саны, 
ретикулоциттер мен тромбоциттер азаяды. Сүйек кемігінде 
аплазия 
дамиды. 
Сонымен 
бірге 
жыныстық 
бездердің 
атрофиясы 
байқалады, 
сперматозоидтардың 
өндірілуі 
бұзылады, аш ішектердің шырышты қабықтарында және теріде 
өзгерістер дамиды. 
Аурудың айқындалу сатысы. 
Бұл саты кезінде науқастың 
жалпы жағдайы қайтадан күрт нашарлайды, жалпы әлсіздік, 
дене қызымының көтерілуі, теріге, шырышты қабықтарға
ішек-қарын жолдарына, миға, жүрекке және өкпеге қан 
құйылулар 
мен 
қан 
кетулер 
байқалады. 
Денеде 
зат 
алмасуларының бұзылыстарынан, тәбеттің болмауынан және іш 
өтулерінен адамның қатты арып-жүдеуі болады. 
Қанда 
қатты 
лейкопения, 
тромбоцитопения, 
анемия 
дамиды, эритроциттердің тұну жылдамдығы көтеріледі. Сүйек 
кемігенде, 
аплазия 
байқалады. 
Шеткі 
қанда 
гипопротеинемия, гипоәлбуминемия, гиперазотемия дамиды
хлордың деңгейі азаяды. Бұл сатысы кезінде организмнің 
жұқпаларға төтемелілігі бұзылып, жұқпалардың асқынуы
аутоинфекциялар мен өзінен өзі уыттануы байқалады. Бұл 
сатының ұзақтығы бірнеше күннен 2-3 аптаға дейін 
созылады. 
Сауығу сатысы. 
Бұл саты кезінде организмнің бұзылған 
қызметтері біртіндеп қалпына келеді, науқастың жалпы 
жағдайы түзеледі, дене қызымы қалыпты деңгейге түседі, 


52
қан кетулер, іштің өтуі, құсу тоқтайды. 2-5 айдан кейін 
тері бездерінің қызметі қалпына келеді, шаш қайта өсе 
бастайды. Біртіндеп қанның және зат алмасуларының 
өзгерістері қалпына келеді. 
Сәулелік аурудан сауығу 3-6 айда болады, оның ауыр 
түрлерінде сауығу 1-3 жылға созылуы мүмкін. Кейде жіті 
сәулелік ауру созылмалы түрге айналуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет