5В060400 «Физика» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет37/174
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145514
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   174
Байланысты:
5В060400 «Физика» маманды ы бойынша

 
 


EM 2205 ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ 
 
Көлемі - 3 кредит 
Авторлары: 
Габдуллина Г.Л. – физико-математика ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушы 
Габдуллина А.Т. – физико-математика ғылымдарының кандидаты, 
аға оқытушы 
Төреханова Қ.М. – физико-математика ғылымдарының кандидаты, 
аға оқытушы 
Пікір жазғандар: 
Воронков В.В. - физико-математика ғылымдарының кандидаты,
Қазақcтан-Британ техникалық университетінің доценті 
Белисарова Ф.Б. - физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
Жалпы физика курсының «Электр және магнетизм» бөлімі зарядталған 
бөлшектердің өзара әсерлесуіне себепші орта ретінде алынатын өріс 
концепциясына негізделген. Бұл жерде өріс материяның ерекше түрі ретінде 
қарастырылады. 
«Электр және магнетизм» пәнінде электрлiк және магниттiк құбылыстарды 
эксперименттiк заңдар негiзiнде жалпылай отырып, олардың теориялық тұрғыдан 
тұжырымдалуы және практикада қолдануы қарастырылған. Пәннің ерекшелігі, 
бұл жерде векторлық және тензорлық талдаудың күрделі математикалық 
аппаратын қолдануды қажет етеді. Бірақ, негізгі назарды классикалық 
электрдинамика мен қазіргі заманғы құрылғылар мен қондырғыларда кездесетін 
(термоэлектрондық эмиссия, Холл эффектісі және т.б.) әртүрлі электрмагниттік 
үрдістер мен құбылыстар туралы түсінікті қалыптастыратын шешуші 
эксперименттер мен тәжірибелерге аудару қажет. Негізгі құбылыстардың 
қарапайымдылығына қарамастан, электрмагниттік құбылыстар физиканың 
көптеген саласын зерттеуде алатын орны өте жоғары.
Пререквизиттер: 
Пәнді оқу үшін жалпы физиканың келесі бөлімдерін «Механика», 
«Молекулалық физиканы», сонымен қатар «Математикалық талдау», «Векторлық 
және тензорлық талдаудың негіздері» курстарын білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет