типологиялық топтардың оқушыларымен оларды оқу жолдарын, әдістері мен тәсілдерін
таңдап алу балалрдың білім, білік және қалыптасқан дағдылар меңгеру туралы мәліметтер
негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін мұғалім өз оқушыларын үнемі зерттеп білуі
және педагогикалық диагностика арқылы олардың оқу жетістіктері динамикасын
қадағалап отыруы керек.
Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері
және келесідегіде вариативті оқыту қарастырылады:
1) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келетін, сенсорлық,
сөйлеу, қозғалғыш қасиеттерінің бұзылуы бар балалар үшін мемлекеттік жалпы білім беру
стандартына сай болатын білім;
2) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес емес, психикалық
дамуының кешеуілі, қозғалтқыш дене мүшелерінің бұзылуы, сөйлеу және сенсорлық
қасиеттерінің бұзылуы бар оқушылар жеке оқу жоспарлары бойынша, қысқартылған оқу
бағдарламалары арқылы білім алуды жүзеге асыру;
3) жекешелендірілген бағдарламалар (ауыр дәрежедегі ақыл-есі кем және
көптеген ауытқулары бар балалар үшін) және интеллектуалды ауытқулары бар балалар
үшін арнаулы бағдарламалары бар мектептерде білім алуды жүзеге асыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек
жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру
болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы
тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу,
біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек
көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып
табылады. Мысалы, Шығыс Қазақстанда, Алматы және Астана қалаларында ертеректе
оқуға жарамайтын және білім алуға, өз жасындағы балалармен араласуға мүмкіндігі жоқ
болған, орташа және ауыр деңгейдегі ақыл-есі кем балалар үшін интеллектуалды
кемшіліктері бар балаларға арналған мектептерде арнайы сыныптар ашылған.
Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, түзету мектептерінде және бала –
бақшаларда күрделі құрамалары және басқа да дамуындағы ауытқушылықтары бар, ерік-
сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін балалар үшін эксперименттік топтар және
сыныптар ашылған.
Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі
арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар
балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-
аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу
құқығы туралы ерекше айту қажет.
Соңғы кездері Қазақстанда дамуында ақыл-ойы және дене ауытқулары бар
балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасқанын байқауға
болады. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі
шектеулі
балалар арнайы педагог
, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім
алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі
балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды.
Мұғалімдерді ЖОО - ның дайындық арнайы психологиямен педагогика білім алуды
көздемейді. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап
болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субъективті талдап дамуындағы кемістіктерін
күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балалар жалпы білім беру процесі
жағымсыз көрініске ие. Жалпы мектептерінде біріктіріп оқыту процесі өз бетінше, ретсіз
дамуын жалғастырған.
Достарыңызбен бөлісу: