1.4 Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі
бойынша Спешил Олимпикс тобына
қатысушыларға арналған оқу-жаттығу бағдарламасы
Облыстағы мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі жай-күйі
2006 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыстағы барлық санаттағы мүгедектердің
саны 47768 немесе барлық тұрғындардың 3,1%-ға жуығын құрайды, оның 1 топтағы
мүгедектері – 4466, 2 топтағы мүгедектері
– 24201 адам, 3 топтағы – 14120 адам, мүгедек балалар 4981, оның ішінде Ұлы Отан
соғысының мүгедектері – 1513 адам.
2005 жылы алғаш рет мүгедек деп танылғандардың барлығы 4531адам, бұл 2004
жылмен салыстырғанда мүгедектіктің 63 адамға төмендеді.
Мүгедек бала санатында 2004 жылғы 12 аймен салыстырғанда 2005 жылғы 12 айда
алғаш рет мүгедек деп танылғандардың 73 адамға төмендеу үрдісі байқалды.
2005 жылғы 9 айда
2004 жылғы 9 айда
1 топ
471-11,9%
564-13,1%
2 топ
2167-54,9%
2419-61,4%
3 топ
1310-33,2%
955-25,5%
Мүгедек бала583
656
2005 жылы 1-2 топтағы ауырлығы бойынша мүгедектік 66,8% дейін (2004 жылғы –
74,5%) төмендеді. Алғаш рет куәландырылған 3 топтағы мүгедектерінің өсуі 2005 жылы
2004 жылмен салыстырғанда 7,7% құрды.
Ересек тұрғындардың арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында 1 орында –
қатерлі ісіктер – 24,4%, 2 орында – қан айналымы жүйесінің аурулары – 19,9%; 3 орында –
дененің әртүрлі мүшелері зақымдалған – 13,7%, 4 орында - көз ауруы бойынша -8,5%.
Балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің құрылымында 2005 жылы 1 орында –туа
біткен даму аномалиясы - 32%, 2 орында – жүйке жүйесінің аурулары – 19,2% (2004 жылы –
16,7%), 3 орында – психикалық бұзылу – 14,6% (2004 жылы – 15,5%).
Облыста 2 оңалту бөлімдері жұмыс істейді: Чернобыль АЭС және Семей ядролық
полигонының радиациялық әсерінің зардабымен адамдар үшін Семей қаласында және 1
қалалық ауруханананың базасындағы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары
үшін Өскемен қаласында.
Шығыс Қазақстан облыстық онкодиспансердің торокальдық бөлімінде жыл сайын
қатерлі ісік және ісік алдындағы өкпе аурумен 180-190 аурулар тексеруден және емделуден
өтеді, оның ішінде 35-40 ауыруға оперативтік емдеу жүргізіледі.
2005 жылы барлық жеке оңалту бағдарламасы 16534 адамға әзірленді, бұл
куәландырылғандардың барлық санынан 80,5% құруда, оның 1569 – балалар /26/.
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін, олардың
әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-ортағ бейімделуін қалпына келтіруге бағытталған.
Ол мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруды, оларға қажетті әлеуметтік қызметтер
көрсетуді, оларды көмекші (компенсаторлық) техникалық құралдармен қамтамасыз етуді,
мүгедектердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол
жеткізуін қамтамасыз етуге, ақпараттық ортаны пайдалануға тең мүмкіндіктер тұғызады,
материалдық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді және т.б. қамтиды.
Бүгінгі таңда облыста мүгедектерге қызмет көрсету үшін 12 қарттар мен мүгедектерге
арналған интернат үйлері жұмыс істеуде, оның 8 қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы
үлгідегі интернат үйлері, 3 ақыл есі кем және психоневрологиялық аурулар үшін, 1-ақыл есі
кем балалар үшін интернат үйі болып табылады. Интернат-үйлерде 2485 адам тұрады, оның
1530 – мүгедек.
Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсетуді 3 аумақтық орталық пен
41 бөлімше жүзеге асырады, олардың қамқорында 4718 адам бар. Облыс орталығында тірек-
электртехникалық, пластмасса бұйымдарын өндіру, жиһаз жасау, жөндеу-құрылыс
жұмыстары және т.б. болып табылады.
Облыстағы мүгедектіктің қазіргі заманғы жағдайының және мүгедектерді оңалту
жөніндегі шаралардың жай-күйін талдау мүгедектерді әлеуметтік қорғауды
ұйымдастырудағы оң өзгерістермен бірқатар шешілмеген проблемалардың да бар екенін
дәлелдейді /29/.
Достарыңызбен бөлісу: