Мазмұны кіріспе I. ӘДебиеттерге шолу 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер



Pdf көрінісі
бет5/34
Дата04.06.2022
өлшемі372,53 Kb.
#145935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
stud.kz-98243

Психологиялық аспект


Психологиялық аспект мүгедектің өзінің тұлғалық - психологиялық
бағдарлығын және қоғамның, мүгедектілік проблемаларын
эмоционалдық - психологиялық қабылдауын көрсетеді.
Мүгедектер және зейнеткерлер былайынша айтқанда халықтың аз
жұмылдырылған санаттар қатарына жатады және қоғамның аз
қорғалатын, әлеуметтік осал белігі болып табылады. Бұл ең алдымен,
мүгедектікке әкелген аурудың салдарынан дене бітімі жағдайының
дефектілерімен, сондай - ақ салатикалық паталогиямен сипатталынатын
комплекстермен, және де үлкен жастағылар үшін тән болатын қозғалыс
белсенділігінің төмендігімен байланысты. Сонымен қатар белгілі бір
мөлшерде халықтың бұл тобының әлеуметтік қорғалмауы, олардың
қоғаммен қатынасын қалыптастыратын және онымен байланысты
қиындататын психология факторларының болуымен байланысты.
Психологиялық проблемалар мүгедектердің сыртқы әлемнен
оқшауланып қалған кездерінде, кресла - коляскадағы мүгедектер үшін
қоршаған ортаның бейімсіздігінде, зейнеткерлікке шыққан кездегі
әдеттегі қатынастардың үзілгенінде, жолдасын жоғалтқан кездегі
жалғыздық, егде адамдарға тән, склероздық процестің дамуы
нәтижесінде болатын мінездеріндегі ерекшеліктер себебінен туындайды.
Осының бәрі эмоционалды ерік - жігердің бұзылуына депрессияның
өрістеуіне, мінез - құлықтың өзгеруіне әкеледі:
-қартаю — алысқа серпілген жоспардың мүлде орындалмауы,
болмаса олар бірден оқу қажеттілігімен қысыңқыланып және шектелуі
болатын адам өміріндегі ерекше кезеңі.
-қартаю процесін және қартандылыққа деген көзқарастарды
қарастырған кезде бұл проблеманың екі жағы қаралады: -ми қызметінің
жастық өзгерістермен байланысты психикалық қызметінің ерекшеліктері,
яғни қартаюдың биологиялық процестерімен байланысты.
-биолог және әлеуметтік фактордың әсерінен қалыптасқан осы
өзгерістерге немесе жаңа (ішкі және сыртқы) жағдайларға қартайған
адамдардың реакциясын көрсететін психологиялық феномендер.
Психологиялық саладағы қартайған кезде болатын өзгерістер әр
түрлі деңгей де байқалады: тұлғалық, функционалдық, органикалық. Бұл
ерекшеліктерді білу әлеуметтік қызметкер үшін өте маңызды, өйткені ол
оларға егде адаммен байланысты бағалауға, өздерінің психологиялық
реакцияларын жөнге келтіруге және күтілетін нәтижелерді болжамауға
мүмкіндік береді.
Биологиялық қартаюдың белгісі ретінде бағаланатын тұлғалық
өзгерістер бір жағынан тұлғаның бұрынғы қасиеттерінің күшеюі мен
басымдауымен көрінсе, басқа жағынан жалпы, оның ішінде жастық жою
қасиетінің өрістеуімен байланысты. Өзгерістердің бірінші тобы мысалы,
құнтты, ұқыпты адам сараң болады, сенімсіздер - күдіктенуші болып
өтеді және т.б. Тұлғалық өзгерістердің екінші тобы өткенді қайта
бағалаумен қатар барлық жаңа құбылыстарға шыдамсыздық
консерватист болуымен тәртіпке үйретуге, жанының жаралануына
ренжуге бейім тұратындығымен сипаталады.
Қартаю процесімен байланысты тұлғалық өзгерістерден басқа
психологиялық функцияның өзгеруін де назардан тыс қалдырмау қажет.
Оларға есте сақтаудың көңілдің, эмоционалды аяның, психологиялық іс -
әрекеттің, жалпы бағдарлылықтың бұзылуы — адаптациялық
механизмінің бұзылуы жатады.


Үлкен адаммен қатынасқа түскен кезде әлеуметтік қызметкерлер
олардың есте сақтау қабілетінің бұзылу ерекшеліктерін білуі өте
маңызды. Салыстырмалы түрде көп жыл бұрынғы жағдайды есте
сақтауда қартайған кезде жақында болған жағдайларды еске сақтау
ақсайды, қысқа мерзімдік есте сақтау бұзылады. Бұл қарт адамдардың
әлеуметтік қызметкермен байланысына кері әсерін тигізуі мүмкін, яғни
ол оның қызмет көрсетуіне, оған келуінің ұзақтығы мен санының,
жиілігіне тілек - талаптар қою пайда болады және тағы сол сияқты. Қарт
жастағы көңіл тұрақсыздықпен, алаңдаушылықпен сипатталынады.
Эмоционалдық жағынан көңіл - күйінің жабырқауына, депрессиялық
реакцияға бейімділігімен, жылауға, реніштерін тізіп отыруымен басым
болады. Қарт адамға психологиялық қызмет қарқының бәсеңдеді,
жайбасарлық және орталардағы бағдарлану қабілетінің төмендеуі тән.
Егде жастағы патология процесін байқалтатын психологиялық өзгерістер
егде және қарт жасындағы әр түрлі (нозологиялық, ауруларда көрініс
береді. Оларға дименцияның, есеңгіреу және аффектілік бұзылудың
клиникалық көріністері жатады. Бұл жағдайларды диагностикалау
дәрігерлерді міндері. Ал қарт адаммен әрдайым байланыста жүретін
әлеуметтік қызметкерлердің ролі бұл жағдайлар туралы кішкене болса
да хабардар бола отырып аурудың белгісін айқындап, тиісті маманның
көмек көрсетуін ұйымдастыру болып табылады /6/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет