дуанбасы
Сквозник
–
Дмухановский осы Шапшаңбайдың тап өзі!
Күнжан бейбастақ өскен, бетімен кеткен, ұрыншақ әйел. Ол адам
таңдамайды, бәтіңке әперсе Сүндетпен де қосыла береді, былтырғы
келген өкілмен де, мына Талтаңбаймен де үйлесе кетеді. Былтыр ол
«Қарабас еліндегі бір шатабутен» де әмпей болғанын жасырмайды. Міне,
біз осы көріністен дуанбасының әйелі Анна Андреевнаның басындағы
кейбір жайларды көреміз.
Гогольде жалған ревизор Хлестаков, бірінен бірі өткен өңкей парақор
-
алаяқтарды жер соқтырып, түгел тонап кеткеннен кейін, шын ревизор
келеді. Бейімбетте өкіл Талтаңбай мен өтірік
белсенді Парыз екеуі
ұсталғаннан кейін тексеруші бригада келеді. Көріп отырсыздар ғой,
айырмасы да, ұқсастығы да бар.
Бейімбеттің «Талтаңбайы» оқып отырғанда, кей кезде өткінші күлкі
туғызып, езуіңді жиғызса да, кітапты жапқан соң ешнәрсе есіңде
қалмайды. «Әттеген
-
ай!» дегізері жоқ. Оқушы толғанбайды, бәрі түгел
шешілген. Өкіл Талтаңбай сазайын тартады, абақтыға түседі. Жарымес
қуыс кеуде ұрыншақ Күнжан құрамай қабады, бірақ оның
көрген бірінші
алдануы бұл емес, бұл бұрын да талай
жігіттермен кездескен, әлі де
талайды басынан кешіруге даяр тұрғандай. Күнжанның қимыл
-
әрекеті
мақсатсыз басталады да, мақсатсыз бітеді. Ешкімнің іші ауырмайды.
Шапшаңбайдың басында да ойсыраған ештеңе жоқ
55
тәрізді. Ол «Қорқу үшін –
қорқатын» ғана жан болып қалады.
Гоголь стиліне бейім тұратын екінші жазушымыз –
Ғабит Мүсірепов.
Осы күні біраз адамдар Ғ. Мүсіреповте Горькийдің әсері күшті деседі.
Әсері мүлде жоқ деп біз де айта алмаймыз. Бірақ Ғ. Мүсірепов
Горькийден гөрі Гогольге жақын.
Осы ойымызды толығырақ дәлелдеу үшін «Оянған өлкеге» тоқталып
көрелік. Бұл роман кең тынысты, мол жоспарлы шығарма. Жазушының
өзіне тән әдісімен үлкен полотно жасаудың алғашқы адымы. Ғабит
шығармаларының осы «Оянған өлке» шырқау шыңы десек те
болғандай. Біз үлкен уақиғаға арналған романды жан
-
жақты алып
талдағалы да отырғанымыз жоқ. Бізге керегі Мүсіреповтың өзіне тән
биязы әзіл
-
сықағы, өткір мысқылы қалай көрінді, бұл жөнде Гогольге
ұқсастығы бар ма? –
деген сұрақтарға жауап іздеу.
Осы жерде оқушының есіне ерекше сала кететін бір ойымыз бар, –
осы романда екі жақты көрінетін Байжан мен Сандыбай шебер туралы.
Сырт қарағанда Ғабит бұл екеуініе көңіл бөлмейтін сияқты.
Байжан
–
он жеті мың
жылқының иесі Жұманның жақын туысы. Өзі ішінде
жүрген қауым байды қолпаштайды, осы теңсіздікті Байжан мықты
түсінеді. Ол –
ақымақ емес, көкірегінде саңылауы бар түйсікті жан.
Оның кедей қызы, он бесінде Жұманға тиген Көпейді сыйлауы да тегін
емес. Байжан Көпеймен өте тату: «құдай, маған екеуіңді қайта
піштіртер ме еді.!. қатыны кім, байы кім болуға лайықты екенін көрер
еді сонда»...
–
дейді Байжан (21
-
бет). Ақымақ кісі осылай сөйлейме?
Жұманның кім екенің оқушыға анық танытып отырған да осы Байжан
образы
емес пе? Заманындағы өмір қайшылығы Байжанды келемеж
еткендей. Сол шындық түгел көрінген, нанымды кейіпкер –
Байжан дер
едік. Байжанның екі жақтылығы –
заман шын
-
56
дығы. Сандыбай шебер де осы Байжанды толықтырып тұрған сом
тұлғалы кейіпкер.
Гоголь, Крылов, Сервантес, Шекспирлерді оқығандығын автор өзі
тура айтады. «Әлденеден аса қуанышты жайын жасыра алмай ойнақтап
тұрған Сикорский тез коштасып, тез шығып кетті. Ұзамай, екі қара көктің
Акбұйрат жолына түсіп алып, кұйындатып жөнелгенін терезеден көріп:
–
Хлестаков!
–
деді Ушаков ішінен (457
-
бетте).
Ендеше, Ғабит Гоголь кейіпкерлерін түгел біледі.
Сыртқы атын былай
қойғанда, ішкі маңызын да терең ұғады. Уралдан Рязанов жіберген
ақымақ ревизор Сикорский Хлестаковқа айна
-
қатесіз дәл келеді. Ушаков
та оны жиіркеніп айтып тұр, Ғабит те оған әдейі айтқызып тұр.
Осы романның екінші бір жерінде: «Кеше іңірде Жабай жылқының бір
шетін кайырып жүр еді. Игілік аулынан құйғытып шыға келген жолбасар
жігіттер мұны ортаға алып, қасқырдың қозыға жапқан жаласын айт» –
дейді (54
-
бет). Осы жердегі кейінгі сөздерді Крылов мысалын мезгеп
тұрғандай. Міне, бұлар ұқсастық емес ауыс
-
түйіс (заимствование) қана.
Сандыбай шебер Игілікке он екі қанат киіз үйдің сүйегін жасап береді,
соның ақысына Игілік оған он құлынды бие бермек болады. Бүгін сол
малдарын беруге үш үйір жылқыны Сандыбайдың алдынан айдап
өткізеді: Торы төбел айғырдың, теңбіл қара көк айғырдың, мақпал қара
көк айғырдың үйірлері бірінің соңынан бірі тізбектеліп өтіп жатады.
Сандыбайдың көзі
тұнып, есінен айрылады. Сонау Көкшетаудан келген
кірме үйшіні Игілік алып та жығады, шалып та
жығады. Оның жылқы
бергісі келіп тұрған жоқ, тырнағына іліккен сорлы тышқанмен мысықша
ойнайды. Қорқау байдың арам пиғылын, жылқыға қызығып, есі ауған
Сандыбай түсінбейді:
«Енді
оның ойы Игіліктің бар жылқысын түгел
көріп, он еқі мыңнан таңдағысы келіп тұрғандай еді...»
57
«Екеуін қарадан, екеуін торыдан, екеуін қара көктен таңдасам қайтер
еді... Үш айғырды қайта көріп біреуін таңдап алсам!..»
Әрине, құлындарын таңдап алуға болмас... Мырза болғанмен, бар
жылқысын түгел аралатпағаны кішкене керек болды...»
Осындай ойлармен Сандыбай айналақтап тұрғанда: «...Бір қыс біздің
үймен дәмдес болып, арба
-
шанамызды жамап
-
жасқап берсең, бір
-
екі
құлынды биені қоса алар едің... дейді де Игілік жүріп береді» (112
-
бет).
Байдың соңғы сөзі өмірдің текпісіне түсіп басы айналған шебер үйшіні
тағы бір жыл қыстату екенін, өз құлқынын ойлап тұрғанын сорлы
Сандыбай ұға алмайды.
«Осынша малдың бәрін алып, шексіз байыған» үйші енді Күншенің
Назыкештей қызын өзінің баласына алып бермек болады.
«...Сүтін басыңқырап құйсаңыз тағы бір шынаяқ
ішер едім, –
деп
Сандыбай шынаяғын еркін ұсынады».
«...Осы
мен сіздің қара басыңызға қатты қызығып жүрмін. Құдағиым
болсаң
қалай болар екен... Өзіме тартып үйші бола ма деп жүрген балам
бар еді. Сіздің баладан бірер жасы кіші болар... Бірақ жас өсер, жарлы
байыр дегендей жетіліп кетеді ғой... Солай емес пе?»
–
дейді. «Күнше
енді біржола таңданып туралап қараса, қонағы оң қолын мықынына
қадап алған екен. Бұ да әлдекімге ұсай қалыпты...»
«Екі құлынды биені қазір беріп кетем. Бірі қара көк, бірі мақпал қара
болар,
құдай қосса, өмірде ұстап көрмеген малың, Игілік жылқысы! –
деп қыза келе «сізді» қойып, «сен» деп сөйлеп кеткенін өзі де байқаған
жоқ».
«Келер жылы тағы бір қаракөк бие, бір қара бие берем.. Менің
малымның бір
-
біреуі бір қызға татиды... Одан арғы жылы бір қара
мақпал байтал берем де, келінімді алам. Қызыңды ұзатып апарғанда
өзіңе бір қара көк дөнен мінгізем...»
«.
..Сиыр
-
миыр, қой
-
ешкі дегенді араластырмаймын...
58
Достарыңызбен бөлісу: |