2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени сипаттағы



Pdf көрінісі
бет35/181
Дата24.08.2022
өлшемі3,39 Mb.
#148219
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени сипаттағы 
кедергілері (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық 
немқұрайлылығы, жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар 
(босқындар, мигранттар, кандастар және т.б. отбасылар) бар балалар 
Қандас баланың білім беру қажеттіліктері 
сипаттамалардың бес ерекше түрімен 
байланысты: тіл, бастапқы білімдер
эмоциялық жағдай, әлеуметтік дағдылар, 
мәдени нормалар және қағидаттар. Бұл 
білім беру қажеттіліктері бірінші кезекте 
тіл мәселелерімен байланысты. Бұл өз 
алдына мемлекеттік тілді оқытуды ерекше 
ұйымдастыруды жобалайды.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған 
бала 
(көшіп 
қонушы, 
босқын) 
әлеуметтенуді қажет етеді.
Кез келген сабақта тілдік мәселелерді ескеру 
керек және білім алушыға білімді меңгеруге 
көмектесетін әдіс-тәсілдерді қолдану керек. 
Әдетте балаларға тапсырманы орындау түрі 
(ауызша немесе жазбаша жауап) және орындау 
уақыты бойынша таңдау құқығы берілуі тиіс. 
Баланың жұмысты берілген уақыттан асырып 
орындауға, графикалық сызбаларды, қысқа 
нұсқаулықтарды, алгоритмдерді пайдалануға 
мүмкіндігі болуы тиіс.
Даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, 
психикалық дамуы тежелген және эмоционалдық-еріктік бұзылыстар) бар балалар 
Естімейтін балалар 
Естімейтін балалар құлағының түбінде 
қатты сөйлеген дыбысты естуі мүмкін, 
бірақ 
арнайы 
үйретпесе, 
адамның 
сөйлеген сөзіне қарап, сөздер мен 
тіркестерді түсінбейді.
Есту аппаратын немесе кохлеарлық 
импланттарды пайдаланғанымен, балалар 
айналасындағылардың сөзін қабылдауда 
және түсінуде қиналады.
Мұндай балалардың ауызша сөйлеу 
қабілеті өздігінен дамымайды. Сол 
себепті олар ұзақ мерзімді жүйелі түзете-
дамытушы жұмысты қажет етеді.
Есту қабілеті зақымдалған баланы білім беру 
ұйымындағы оқыту процесіне табысты қосу 
үшін оның есту қабілетінің қаншалықты 
зақымдалғанын 
анықтау, 
дәрі-дәрмекпен 
қолдау, баланың аудиограммасына сәйкес есту 
аппараты моделін нақты талғау маңызды. 
Ойын ауызша және жазбаша білдірумен қатар 
баланың танымдық даму процесі қатар жүреді.
Баланың педагогтің сөйлеп тұрғанын көріп 
тұруы маңызды. Сыныпта көп қозғалмаған да 
жөн. Бұл балаға мұғалімнің айтқанына қарап 
сөзін түсінуге көмектеседі. Жұппен жұмысты 
дамыту қажет (жанындағы көршісінің кітаптың 
парағын аударып, тапсырманы, нұсқаулықты 
түсіндіріп көмектесуі және т.б.).


52 
Есту қабілеті зақымдалған балалар сөзді 
есту-көру, есту, көру тәсілдері арқылы 
түсінеді.
 
Нашар еститін балалар 
Бұл 
балалардың 
ерекшелігі 
қатты 
дыбыстарды естігенде өздерін қолайсыз 
сезінеді. Және баланың есту қабілеті 
нашар болған сайын қатты дыбыстарға 
қатысты қолайсыздық өрши түседі.
Нашар еститін балалардың вибрациялық 
сезімталдығы өте жақсы дамыған, сол 
себепті ырғақты суретті оңай ажырата 
алады, музыкалық аспаптарда ойнай 
біледі және билей алады.
Педагог мұндай баламен қарым-қатынасқа 
түскен кезде ойын ауызша жеткізуі керек, ым-
ишаратты пайдалануы керек.
Сұрақты нақты әрі қысқа құрауы керек. Бұл 
балаларға сұрақтың мазмұнын түсінуге, оған 
қатысты ойлануға мүмкінідік береді. Сондай-ақ 
жауап беруге асықтырмау керек. оларға 
ойлануға уақыт беру керек.
Оқыту процесінде көрнекі материалды көбірек 
пайдаланған жөн.
Айтылым 
мен 
сөйлесімге 
берілетін 
тапсырмалар көлемі мен мазмұны білім 
алушының психикалық-сөйлеу қабілеттерінің 
дамуына байланысты өзгеруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет