166
166
Оқу нәтижeлері
Оқушылар:
• ежелгі адамдардың айналысқан алғашқы кәсіп-
терін сипаттады;
• көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің
қалыптасуын түсіндірді;
• еңбек құралдары мен қару-жарақтардың
жетілуін анықтады;
• Ұлы Жібек жолы туралы білді;
• тайпаларды нәсілдік ерекшеліктеріне қарай
ажыратты.
Өздеріңді тексеріңдер
Оқушылар aлғaн білімдeрін қорытындылaп, нeні
білгeндeрін, нeні үйрeнгeндeрін ecкe түcіру үшін мы-
надай тaпcырмaны орындaуды ұcыныңыз. Алдымен,
сыныпқа темір дәуірі тайпаларының бейнеленген
суреттерін көрсетіңіз. Суреттерді салыстырып, бет
пішіндеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
анықтауға тапсырма беріңіз. «Ойланыңдар", "Талқы-
лаңдар", "Ойыңмен бөліс" тапсырмасын орындай
отырып, оқушыларға тақырып туралы өз бетімен
ойлануға мүмкіндік беріңіз. Сынып оқушыларына,
алдымен, жұппен, кейін көрші жұптармен ойларын
бөліске салуға ұсыныс жасаңыз. Осылайша екі жұп-
тан құралған бір топ ортақ ең үздік үш ойды таңдап,
сынып алдында қорғайды. Зерттеу сұрақтары: "Темір
дәуірі тайпаларының қоғамдық құрылысында қандай
ерекшеліктер орын алады? Нәсілдік белгілерінің өзге-
руіне қандай жағдайлар түрткі болды? Тайпалардың
мәдени ескерткіштерінде ортақ белгілер орын алды
ма?" деген сұрақтар төңірегінде ой қозғау арқылы
оқушылар темір дәуірінің сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сар-
мат тайпалары туралы ақпаратты еске түсіре отырып,
ұсынылған салыстырмалы кестені толтырады. Кесте-
ге әр тайпа өкілдерінің нәсілдік ерекшелігін, қоғам-
дық-саяси құрылысын, мәдени жетістіктерін жазады.
Соңында ортақ ой түйіндейді. Тайпаларды өзара са-
лыстыра отырып, ортақ ұқсастықтарын шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: