Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



Pdf көрінісі
бет19/52
Дата12.09.2022
өлшемі1,2 Mb.
#149300
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
Байланысты:
22 СН РК 2.04-01-2011

ҚР ҚН 2.04-01-2011 
 
14 
таңдауға рұқсат етіледі, шартты көлденең беттің ең аз жарықтандырылуы 100лк-дан төмен 
болмау керек

Цилиндрлі жарықтандыруды қамтамасыз ету қажеттілігі бар орынжайларда беткі 
орташа өлшенген шағылысу еселендіргіші 40 % кем болмау керек, ал төбенікі 50 % кем 
болмау керек.
6.2.6
 
Қоғамдық ғимараттар орынжайларында әдетте жалпы жарықтандыру жүйесін 
қолдану керек.
 
А-В санатты көру жұмыстары орындалатын әкімшілік ғимараттардың 
орынжайларында қиыстырылған жарықтандыру жүйесін қолдануға рұқсат етіледі 
(мысалы, кабинеттер, жұмыс бөлмелері, кітапханалардың және мұрағаттардың оқу 
залдары және т.с.с.). Сонымен қатар жұмыс бетіндегінормаланатын жарықтық ұлғаяды, ал 
жалпы жарықтандыру жарықтығы 70 % кем болмау керек
6.2.7
Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарындағы өндірістік сипаттағы I – IV 
санаттағы көру жұмыстары (мысалы, зергерлік және нақыштау жұмыстарының 
орынжайлары, сағат, теле және радиоспаптарды, калькуляторларды жөндеу 
орынжайлары) атқарылатын жалғаспалы орынжайларда қиыстырылған жарықтандыру 
жүйесін қолдану керек.
6.2.8
Үш қабаттан биік тұрғын ғимараттарының басқыш шабақтарын жарықтандыру 
баспалдақтардың жарықтандырылуы эвакуациялық жарықтандыру нормаларынан төмен 
болмайтындай есеппен жарықшамдардың немесе лампалардың бір бөлігінің түнгі 
мезгілде өшірілуін қамтамасыз ететін автоматты немесе қашықтықтан басқаруы болу 
керек.

6.3 Кәсіпорындар алаңдарын және ғимараттардан тыс өндіріс орындарын 
жарықтандыру 
6.3.1 Ғимараттан тыс жұмыс атқару орындарының, ғимараттан тыс этажеркаларда және 
бастырма астында жұмыс беттерінің жарықтандырылуы және жылтырлық еселендіргіші 
нормативтік құжаттарда көрсетілген нормативтер бойынша қабылдану керек. 
6.3.2 Сыртқы жарықтандыру ғимарат ішіндегі жарықтандырудан бөлек басқарылу 
керек. 
6.3.3 Жұмыс атқару орындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар аумақтарын сыртқы 
жарық беру қондырғыларындағы көзді қарықтыру әрекетін шектеу үшін, жарықшамдарды 
жер бетінен орнату биіктігі: 
а) қорғаныс бұрышы 15
°
кем жарықшамдар үшін- нормативтерде көрсетілгенден кем 
емес ; 
б) қорғаныс бұрышы 15
°
және одан артық жарықшамдар үшін- 3,5 м кем емес. 
6.3.4
 
Қорғаныс бұрышы 15
°
және одан ( немесе шағылдырғышы жоқ немесе сүтті 
шыныдан тұратын шашыратқыштары бар) артық жарықшамдарды адамдар өтетін 
алаңқайларда немесе технологиялық (немесе инженерлік) жабдықтарға қызмет көрсету 
алаңдарында, және ғимарат кіреберісінде) ілу биіктігін шектемеуге рұқсат етіледі. 
6.3.5 Шашыраңқы жарық шамдарын орнату биіктігі жарық көзінің жарықтығы 6000 
лм-ге дейінгі жағдайда 3м-ден кем болмау керек, ал 6000 лм-нен асқан жағдайда 4м кем 
болмау керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет