ҚР ҚН 2.04-01-2011 20
Жарық белгісінің негізгі жарық қуаты бұзылғандағы тиісті белгінің қауіпсіздік түсті
өңірінің кез келген жерінде жарықтығы 10 кд/м
2
төмен болмау керек немесе 2 кд/м
2
, егер
түтін (өрт кезіндегі) қауіптілік факторы болып қарастырылмаса.
7.5.9
Апатты жарықтандыру үшін қолданылатындар:
а) жарықдиодты жарық көздері;
б) люминесценттік лампалар – минимальды ауа температурасы 5 ºС төмен емес
орынжайларда және барлық режимдерде лампалардың кернеуі номиналды қуаттың 90 %
кем болмайтындай жағдайда болу керек;
в) қысқа мерзімді ажыратылғаннан кейінгі ыстық күйіндегі де, салқын күйіндегі де
қас қағым сәтте немесе жылдам қайта қосылатындай жағдайдағы жоғары қысымды
разрядты лампалар;
г) қызу лампалары – басқа жарық көздерін қолдану мүмкіндігі болмағанда.
7.5.10
Апатты жарықтандырудың жарық беру аспаптары тұрақты әрекетті етіп, бір
мезгілде жұмыстық жарықтандыру аспаптарымен бірге қосылып тұратын, және тұрақсыз етіп,
тиісті аймақта жұмыстық жарықтандырудың қуат беру көзі істен шыққан жағдайда, автоматты
түрде қосылатындай етіп қарастыруға рұқсат етіледі. Жұмыстық және апатты жарықтандыру
үшін біртипті корпусы бар жарықшамдарды қолданған жағдайда, апатты жарықтандыру
жарықшамдары қызыл түсті арнайы «А» әрпімен белгілену керек.
7.5.11
Жарықтық бағыттауыштары мен апатты жарықтандыру белгілеріне
қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Өндірістік нысандарда сигналдық
түстерге, белгілерге және қауіпсіздік таңбаларынақойылатын талаптар» техникалық
регламентінің талаптарына сәйкес болу керек
7.6 Күзеттік және кезекші жарықтандыру 7.6.1 Күзету жарықтығы (арнайы техникалық күзету құралдары болмаған жағдайда)
түнгі мезгілде күзетілетін аймақтардың шекарасы бойымен қарастырылу керек.
Горизонтальды жазықтықта жер денгейіндегі жарықтық 0,5лк-дан төмен болмау керек
немесе шекара сызығына перпендикуляр оналасқан тік жазықтықтың бір жағында жерден
0,5 м биіктік денгейінде.
Күзету үшін арнайы техникалық құралдарды пайдаланған кезде, жарықтықты күзету
жарықтығын жобалау тапсырмасы бойынша қабылдау қажет.
7.6.2 Күзету жарықтығы үшін кез келген жарық көздерін пайдалануға болады
(күзету жарықтығы қалыпты жанбаған кезде және күзету дабылдағышының немесе басқа
техникалық құралдардың әсерінен автоматты қосыла беретін жағдайларды
ескермегенде). Мұндай жағдайда мыналар қолданылу керек:
- жарықдиодты жарық беру көздері;
- нольден төмен температураларда жұмыс атқаратын шағын люминесцентті
лампалар;
- қысқа мерзімді ажыратылғаннан кейінгі ыстық күйіндегі де, салқын күйіндегі де
қас қағым сәтте немесе жылдам қайта қосылатындай жағдайдағы жоғары қысымды
разрядты лампалар;
- басқа жарық көздерін қолдану мүмкіндігі болмағандағы қызу лампалары.