Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы


Эрмитаждың қалыптасу тарихы мен



Pdf көрінісі
бет34/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Байланысты:
treatise18582

Эрмитаждың қалыптасу тарихы мен
әлемдік музей болуы 
XVIII ғ. ішінде орыс билеушілері арасында дем алатын 
орындар пайда болады, ол ІІ Екатерина қҧрған бӛлектене 
отырып демалатын французша «эрмитаж» болды. Патшайым 
ӛзінің саяси істерден шаршағанда, әңгімесі жарасатын дос зиялы 
қауым ӛкілдерімен кездесетін, кӛңіл кӛтеретін басты орынға 
айналған. Онда бау-бақша, саябақ болған. Енді осы істерді 
кімдердің данагӛйлігімен іске асырды десек, бҧл ҥлкен 
мәселенің шешімі Жанн Батиста Мишель сурет академиясының 
оқытушысы Валлен Деломотанның (1729-1800 жж.) жобасы 
негізінде жҥрген. Сонымен қатар сарай архитекторы Юрий 
Матвеевич Фельтендер де ӛз ҥлестерін қосты. Олар онда аспалы 
бақ жасады, яғни оның фонтаны да болған. Бҧл аспалы бақ 
әртҥрлі қҧстар мен ӛсімдіктерге бай болды, бассейінде неше 


Әлем музейлерінің тарихы 
106 
тҥрлі балықтар жҥзіп жҥрді. Аспалы бақ Қысқы сараймен 
байланысып жатты. Осындай әртҥрлі демалатын орындар 
кӛптеп жасалды, оларда «дом фаворитов», Валлен Деломота 
атымен аталған павильон бар. Жалпы, Валлен Деломотан 
Мәскеу университетіне архитектор болып келген, кейін Санкт - 
Петерборға барып, яғни ҥш жылға контрактіге отырған екен, 
кейін ширек ғасыр осы жерде қалып қояды. 
Оның бірден-бір ҧлы еңбектерінің бірі ол Қысқы сарайдың 
сарайдың жанынан кіші Эрмитажды салуы еді. Қҧрылыс 
жҧмыстары 1764-1775 жж. арасында жҥрді. Ғимарат Нева ӛзе-
ніне горизонталь бағытта тҧр. Кіші Эрмитаждың тарихы Сол-
тҥстік павильонның тарихымен қатар айтылады, ӛйткені ол 
екеуін де Деломота салған еді. Деломота ғимаратқа классикалық 
сән бере білді, оның терезелері ҧзынша келген. Адам бір қара-
ғанда Қысқы сарайға ӛте ҧқсас. Кіші Эрмитаждың қҧрылысы он 
жылға созылды. Бірақ бҧған жинақталған экспонаттардың тым 
кӛптігінен, Фельтен Солтҥстік павильонның жанынан ҥлкен 
Эрмитажды салады (ескі Эрмитаж). Онда кітапхана, ҥлкен 
залдары болып, Екатерина кӛптеген қонақтарды қабылдаған. 
Бҧл қҧрылыстың ішкі жҧмыстары 1783 жылы басталды, Рафаэль 
лоджиясы салына бастаған ҥлкен Эрмитаждың жалпы 
қҧрылысы 1787 жылы салынып біткен болатын. 
Осындай қарбалас қҧрылыс барысында дана мҥсінші архи-
текторлардың шеберлігімен 1783 жылы Эрмитаж театры да бой 
кӛтере бастады. Оны салған итальяндық Кваренги болды. 
Кваренги ӛз жерінде архитектураны жетік меңгеріп келген, ол 
сондай-ақ кӛп саяхатқа шыққан, Кваренги кӛбіне сызу арқылы 
біраз тәжірибе жинақтаған. 
Кваренги Ресейде 1780 жылдан бастап жҧмыс істейді. Оның 
жан-жақты біліктілігінің арқасында Ресей жеріне классикалық 
композиция сыйлады. Оның кӛптеген еңбектеріне материалдың 
жетіспеушілігі кедергі болды. Эрмитаж театрының ғимара-
тының қҧрылыстары 1783-1787 жж. аралығында жҥрген. Бастап-
қыда, оның орнында І Петрдің ҥйі болған. Кваренги бҧл ҥйді 
сақтап қалып, оның айналасына қҧрылысты жҥргізген, алайда 
бҧл ансамбльдік қҧрылыстар ӛзіндік сән беріп тҧрады. Ал енді 
1842-1852 жж. жаңа Эрмитаж ашылды. Бҧл дегеніміз оның 
салынып бітуі еді. Жаңа Эрмитаж 16 колонадан тҧрады, яғни 


Т.Н. Мұхажанова 
107 
бҧл колоналар Финляндиядан алып келінген асыл қызыл 
граниттен жасалған. Жаңа Эрмитаж баспалдақтары мәрмәрмен 
тамаша безендіріліп жасалған болатын, оған И. Герман, А. 
Теременов, А. Трискорни сынды атақты шебер мҥсіншілер ӛз 
ҥлестерін қоса білді. Бҧл ғимаратқа Лео Фон Кленце де ӛз ҥлесін 
қосты. 1852 жылы жаңа Эрмитаж ашылды, бҧл Ресейдегі музей 
ісінің біршама дамығандығын дәлелдейді. Осындай тарихи 
ҥдерістерде Эрмитаждың әр деңгейде салынған небір керемет 
ғимараттарының тарихы осылай болды. Әрине, бҧл әрбір ғима-
раттың ӛзіндік салыну барысында оған әкелінген коллекция-
лардың жиналу тарихын зерттей келе Эрмитаждың музей 
ретінде, әлемдік деңгейдегі музей болуын анықтайды. Жоғары 
да кӛрсетілгендей біз ғимараттардың тарихын оның ішіндегі 
экспонаттарсыз тек қҧрылысын сипаттап едік, қазіргі біз білетін 
әлемдік музей Эрмитаждың осындай дәрежеге жетуі қандай 
ҥдерістер барысында жҥрді деген сҧраққа жауап беріп 
кӛрмекшіміз. 
Әлемде қандай керемет ескерткіш болмасын ол атақты адам-
дармен немесе таңғажайып оқиғалармен байланысты болмақ, 
оған тарих куә. Мәселен, дҥниені ӛзіне қарата білген Египет 
пирамидалары да ӛз перғауындарымен байланыста, яғни солар-
дың ықпалымен жер бетінде салынған еді немесе Лувр музейін 
алып қарасақ та ӛз патшаларының қамалы бола тҧра уақыт ӛте 
келе әлемдік музейге айналған еді. Қала берді алысқа бармай-ақ 
ӛзіміздің Тҥркістан да ежелгі дәуірлерді басынан ӛткізіп, талай-
талай тҧлғаларды ӛзінің бауырына басып, хан тағын беріп сый 
жасаған еді.
Міне, осындай тарихи ҥдерістердің басынан кешіріп қазір де 
бізге табиғаттың тамаша сыйы болып тҧр. Осындай асыл адам-
дар, қасиетті, ҧлы тҧлғалар мекендеген сарайлар мен ғимараттар 
ғасырдан - ғасырға жалғасып, ҧрпаққа аманат болмақ. Оның 
қадірін білген ҧрпақтар бҧл тарихи ғимараттарды музей қылмақ. 
1764 жылы ІІ Екатерина Берлиннен Гоцковскидің ӛз қары-
зын ӛтеу негізінде жіберген 225 картинасы жалпы патша 
сарайының болашақта музей болатынына алғы шарт болды 
десек артық айтпаған болар едік. Осындай барлық картиналар, 
мҥсіндер, асыл тастар Қысқы сарайда сақталды. Эрмитаждың 
музей болуын 1852 жылдан бастасақ, Қысқы сарай 1917 жылға 


Әлем музейлерінің тарихы 
108 
дейін патша резиденциясы болған, тек 1920-1930 жылдар 
аралығында музейге берілген болатын. Жалпы, Готцковскидің 
берген картиналары кӛбіне голландық және фломандық 
мектептің ӛнер туындылары еді. Осыдан бастап ІІ Екатерина 
ӛнерге деген қызығушылығы арта тҥседі. Енді патшайым 
шетелге ӛз агенттерін жібереді, елшілерін Францияға, Голлан-
диядағы аукциондарды жете бақылап, ондағы қойылған ӛнер 
туындыларын сатып алып патша сарайына алып келуге 
бҧйырды. Мысалға, осы елдердегі Ресей елшісі Д.А. Голыцин 
1767-1768 жж. Рембрандтың қыл қаламынан туған «Возвраще-
ние блудного сына» картинасын, сондай-ақ басқа да Батыс 
Еуропаның шеберлерінің ондаған картинасын сатып алған. 
Эрмитаждың картиналық галереяға айналуының ҥш бірдей 
себебі бар, оның біріншісіне жоғарғы кластағы коллекцияны 
сатып алу себеп болды. Олар Брюлдің, Кроздың, Уопполдың 
картиналары болды. Эрмитажға жиналған қҧнды бҧйымдардың 
бірі болып 1779 жылы Вольтердің кітапханасы сатып алынды. 
1825 жылдан бастап Эрмитажға орыс суретшілерінің туын-
дылары қойыла бастады. Жалпы, Француз революциясы кезінде 
Эрмитажға тҥсіп жатқан коллекциялардың саны азая тҥседі, 
Париж келісімінен кейін ғана қайтадан коллекциялар жиналуы 
арта тҥседі. 1814 жылы 38 картина алынды, яғни ол Наполеон 
әйелі патшайым Джосефина Богарнеге тиесілі еді. Оның ішінде 
Рубенстің «Снятие с креста», Рембрандтың «Ферма» картина-
лары бар. Міне, осылай Эрмитажға әлемнің тҥкпір-тҥкпірінен 
коллекциялар ағыла береді, осының нәтижесінде 1852 жылы
жалпы қоғамдық музей болып ашылады. Әйтсе де белгілі 
тәртіппен санаулы билет Эрмитажға келушілерге кедергі 
жасайды. Тек, 1863 жылы ғана еркін Эрмитажға кіру орнайды, 
осыдан бастап келушілердің саны кҥннен-кҥнге ӛсе тҥседі. 
Келушілердің санының ӛскені сондай бірінші дҥниежҥзілік 
соғыс уақытысында жылына Эрмитажды 180 000 адам келіп 
тамашалаған. ХІХ-ХХ ғасырларда Эрмитаж галереялары енді 
тек 
шетелдерден 
сатып 
алынбай-ақ 
жергілікті 
ӛнер 
туындыларымен, сонымен қатар археологиялық қазбалардан 
табылған қҧнды коллекциялармен толықтырылды. Осы мақсатта 
1859 жылы археологиялық комиссия қҧрылған болатын. 


Т.Н. Мұхажанова 
109 
Империалистік соғыстың бас кезінде Эрмитажға 673 000 
экспонат жиналған болатын. Соғыс кезінде 1919-1920 жж. ендігі 
жерде ол кеңестік музей ретінде жҧмысын жаңа бағытта 
бастады. Осы кезден бастап музейге кіші және ескі Эрмитаж 
ғимараттары берілді. 1922 жылы музей аумағы Қысқы сарайды 
да 
алады. 
Кейін 
келе 
барлық 
ғимараттар 
музейге 
айналдырылады. 
Осындай жағдайларда музей ӛз кезегінде дами береді. Онда 
1920 жылы Шығыс бӛлімі ашылған болатын, кейін 1931 жылы 
алғашқы мәдениеттің тарих бӛлімі ашылады. 1941 жылы орыс 
мәдениеті тарихының бӛлімі ашылады. Сондай-ақ 1941 жылы 
фашистік Германияның шабуылынан 1117000 экспонатты тылға 
Оралға апарып тастаған. Соғыс кезінде Эрмитаж біраз зардап 
кӛрді, жаңа Эрмитаж да бҥлінді, Гербов, Николаевск 
залдарының терезелері суықтан, ызғардан бҥлінді. Сол фашистік 
Германияның қоршауында тҧрған кезде Эрмитажды қалпына 
келтіруге жағдайлар жасала бастады. 1945 жылы 8 қарашада 
тӛрт ҥзілістен кейін Эрмитаж музейі қайтадан жҧмысын жалғас-
тырып 65 зал ашылды. Жалпы, КСРО кезінде музей экспонатта-
ры тӛрт есеге ӛскен екен. Эрмитаж музейінің негізгі қалыптасу 
тарихы осылай баяндала келе, әлемдегі ірі музейлердің бірі бо-
лып қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет