«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
83
2. Өзіне табысты кәсіп тапқан ақылды адамның ал-
тыны ынталы әрі қалтқысыз жұмыс істеп, өрістегі
мал сияқты көбейеді.
3. Білікті адамдардың кеңесіне құлақ асып, ақыл-
мен іске жаратқан парасатты жанның алтыны
таусылмайды.
4. Өзі жай-жапсарын білмейтін іске салған адамның
алтыны қолынан сусып кетеді.
5. Қолынан келмейтін іске ұрынған немесе алаяқтар
мен жылпостардың қармағына түскен немесе бол-
машы тәжірибесі мен тез баю туралы бос қиялына
сенген адамнан алтын іргесін аулақ салады.
Әкем жазып берген
алтынның бес заңы осындай
болатын. Олардың бағасы алтыннан да қымбат еке-
нін мәлімдеймін және оны келесі хикаяларымда
дәлелдеймін.
Ол тағы да әкесіне қарады:
– Саған өзімнің тәжірибесіздігімнің салдарынан
ұрынған кедейшілік пен шарасыздықтың түпсіздігі
жөнінде айттым. Бірақ
кез келген бақытсыздық тіз-
бегінің шегі болады. Қала қорғанын тұрғызып жат-
қан құлдарды бақылаушы жұмысын тапқан соң кү-
йінішім біршама сейілді.
Алтынның бірінші заңына сүйеніп, өз табысым-
нан аздап
бақырларды жинауды бастадым, мүмкін-
дікке қарай оның мөлшерін үнемі арттырып отыр-
дым, нәтижесінде алғашқы күміс тиындар пайда
болды. Бірақ қорымның толығуы тым баяу жүрді,
өйткені өмір сүру де күнделікті
шығысты талап ете-
ді емес пе? Талмай ақша жинай бердім. Әке, он жыл
бұрын қанша алтын берсең,
сонша алтынды өзіңе
қайтаруды қатаң түрде мақсат еттім. Құлдардың