Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет64/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
134
кезікпесе, тезірек қарыздан құтылатынымды жет-
кіздім. Қалғандарының бәрі алғыс айтып, ісімнің 
жемісті болуына тілектестік білдірді.
Енді ай аяқталғанша менің қарыздарым төрт кү-
міс тиынға жуық азайды, бұған қоса, менде ешкім-
нің де сұрауға қақысы жоқ екі күміс тиын қалған 
еді. Менің жүрегімді қысқан салмақ жеңілдеп, ең-
сем көтеріле бастады.
Міне, тағы да ай толды. Мен барымды салып еңбек 
еттім, бірақ табысым артпады. Мен аз ғана түйе сатып 
алып, бар болғаны он бір күміс тиын пайда таптым. 
Әйелім екеуміз өз уәдемізде тұру үшін жаңа киім 
алудан бас тартып, дастарқанға қойылар жеміс-жи-
декті азайттық. Табысымның оннан бір бөлігін бөліп 
алып, оннан жеті бөлікке күн көре білдік. Қарыздың 
аз бөлігін қайтарсам да, Акмардың маған риза бол-
ған кейпін көріп, қайран қалдым. Биреджиктің де 
көңілі толды. Алкахад болса, маған дүрсе қоя берді, 
бірақ мен оған алғысы келмесе, ақшаны кері қайта-
руды ұсынғанымда, ол басылып қалды. Басқалары 
әр кездегідей бұл жолы да ризашылық танытты.
Бүгін де аспанда толған ай қалқып барады. Менің 
кеудемді қуаныш кернейді. Бағыма қарай, жарамды 
түйелер сатып алудың сәті түсіп, менің табысым қы-
рық екі күміс тиынды құрады. Бұл айда әйелім екеу-
міз зәру болған киімдерге қол жеткіздік. Сонымен 
бірге бұл айда тамағымыз жақсарып, мәзірімізге мал 
мен құс еті қосылды.
Сегізден аса күміс тиын қарызды төлеуге кетті. 
Бұл жолы тіпті Алкахад та қабағын шытпады.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
135
Жоспарымыз ойдағыдай шықты, ол бізді қарыз 
құрсауынан бірте-бірте шығарып, қор жинауға да 
мүмкіндік қалдырды.
Бұл сазтақтаға соңғы рет жазба түсіргелі бері ай 
үш рет жаңарды. Әр ай сайын мен өзіме табыстың 
оннан бірін қалдырып отырдым. Әр жолы әйеліміз 
екеуміз қандай қиын болса да, табыстың оннан жеті 
бөлігін ғана өмір сүруге жұмсадық. Ал әр жолы мен 
қарыз берушілерге екі ондықты беріп отырдым.
Қазір әмиянымда жиырма күміс тиын бар және 
оның бәрі өзіме тиесілі. Енді мен еңсемді тік ұстап, 
достарыммен кездескенде жүзімді төмен салмаймын.
Әйелім болса, үй тұрмысына пысық болып алды, 
киімі көк, тамағы тоқ. Онымен өзімді бақытты 
сезінемін.
Жоспарымыз сөз жетпестей құнды екен. Кешегі 
құлды бүгінгі абыройлы азаматқа айналдырған сол 
емес пе?
№5-сазтақта
Тағы да түнгі аспанда толған ай жарқырайды. 
Соңғы жазбаны түсіргелі көп уақыт өткенін есіме ал-
дым. Содан бері он екі ай ауысыпты. Бірақ бұл жолы 
мен сазтақтаға ештеңе жазбаймын, себебі бүгін мен 
барлық қарыздарымнан құтылдым. Бұл күні әйелім 
екеуміз үлкен той жасадық, өйткені мақсатымыз 
орындалды.
Қарыз бергендерді соңғы рет аралап шыққалы 
талай оқиғалар болды ғой, бәрі бірдей жадыңда қал-
майды. Акмар өзінің дөрекі қылығы үшін менен 
кешірім сұрап, мені нағыз досым деп санайтынын 
мәлімдеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет