87
Сурет 2.8
.
Ашытқы
жəне сүт
қышқылды
бактериялар
əсерімен
жартылай
дайындалған өнімдер
Ашытқы зауытында шығарылатын сығымдалған
ашытқылар
техникалық түрде таза Saccharomyces cerevisiae культурасы болуы керек. Нан
пісіруге сығымдалған
ашытқылардың маңызды қасиеттері: сақтау кезіндегі
тұрақтылығы, ортада тұз жəне басқа да заттардың жоғары концентрациясын
көтере алу қабілеттілігі. Бұл ашытқылардың «осмостық
сезімталдығы» төмен
болу тиіс, себебі қамырда су мөлшері аз жəне тұз 3
-
4% болады.
Үшінші ең маңызды қасиеті ашытқылардың қамырды жақсы қопсытуы
жəне ашу белсенділігінің жоғары болуы. Бұл расалардың спирттік ашу жəне
гидролиттік əсері бар белсенді ферменттік кешендері бар. Оның ішінде ең
маңыздысы мальтоза болып табылады. Бұл ферменттің белсенділігі
қамырдың қалыпты түрде болуы
үшін маңызды, себебі қамырда мальтоза
қанты бар, ол гидролиз кезінде ашытқыларға қолданылмайды
[14].
Əрбір нан зауыты сұйық ашытқыларды тек өзінің қажеті үшін
дайындайды, оған зауытта бар мына шикізаттарды қолданады: ұн, уыт, əрі
термофильді, гомоферментативті сүт қышқылды бактерия культураларын
жəне Thermobacterium cereale ашытқы
түрлерін пайдаланады. Бактериялар
қоректік
ортаны
қышқылдандыруға
жəне
ашытқылардың
таза
культураларының көбеюі үшін оның құрамын жақсарту
үшін қолданылады.
Сұйық ашытқылар бірнеше микроағзаларден тұратын элективті аралас
культура. Микроағзаларды
таңдау мына жағдайларға байланысты таңдалады:
жоғары қышқылдылық, құрғақ заттардың концентрациясының көп болуы,
ортаның химиялық құрамы жəне оның физикалық күйі. Қарабидай
ашытқысының микрофлорасы негізінен 1:80 қатынаста ашытқылар жəне сүт
қышқылды бактериялардан тұрады. Қарабидай ашытқысында, егер оған
сығымдалған, кептірілген жəне сұйық ашытқыларды қосса, Saccharomyces
cerevisiae
жасушаларын табуға болады.
Сурет 2.9.
Бастапқы кезенде сапасыз
жемістің
пайдалану
нəтижесі
Кондитерлік бұйымдарды өндіру кезінде
микроағзалар керісінше
өнімге қолайсыз жағдайға əкелуі мүмкін.
Сапасыздығының айқын белгілері
бөгде иістері, дəмі, қосындылары бар, түсі, иісі, консистенциясы өзгерген,
бастапқы өңдеуден жəне пастерлеуден өтпеген сүт пен сүт өнімдері, қабығы
бүлінген жəне техникалық ақауы бар жұмыртқалар, көгерген жəне шіру
белгісі бар жемістер, жаңғақтардың болуы мүмкін
[3].
Достарыңызбен бөлісу: